Жаңа Жыл

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

н бүгін!
Жылды қарсы алайық
Би билеп, ән салайық.
Аю: Жаңа жылдың тойында
"Жан салайық" ойынға!
Eкeyi қол ұстасып, билейді. Сол кезде қуана кутындап тулкі келеді.
Түлкі: Қоянжанға бір сәлем!
Аю паңға мың сәлем!
Аю, қоян: Аман ба, тулкі, кел мұнда!
Түлкі: Достарым, жыл келеді
Сыйлығын ол береді
Жұмбақ шешкіш түлкінің
Өнерін жұрт көреді
Тауып өз сыңарымды
Тайсалмай, биге түcin,
Тарқатам құмарымды.
Аю, қоян: Рахмет, түлкіжан
Жүрген жерің күлкілі ән!
Аю, қоян, түлкі бipre билей жөнеледі. Осы кезде орталарына қасқыр келеді.
Қасқыр: Армысыңдар! Бармысыңдар, ағайын! Кәне құшақ ашайық, достық тойын жасайық.
Бәpi: Жаңа жыл құтты болсын! Достығымыз мықты болсын!


Бәрі: Жаңа жылдарыңызбен!
Тәрбиеші: Жарайсындар! Ал, енді мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Соны шешіп көріндер.
Жұмбақ:
Ақсақалды шал жылына
Бip-ақ рет келіп кетеді
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді /Аяз Ата/
Тәрбиеші: Балалар, енді жаңа жылдық мерекемізге Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар.
Балалар: Аяз Ата! Ақшақар! Аяз Ата! Ақшақар! - деп айғайлап шақырады.
(әуенмен Аяз ата мен Ақшақар келеді)
Аяз Ата: Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?
Балалар: Аяз ата!
Ақшақар: - Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: