айтып берейін бе?
Аяз ата: Айта ғой, түлкішек
Түлкі:
Ананы да, алдадым
Мынаны да алдадым
Мен түлкімін айлакер
Аяз ата сыйлық бер. (қолын жаяды)
Қасқыр: Ах, түлкішек, сен жұрттың бәрін алдап, енді атаны да алдайсың ба? Кет әрі. Аяз атаға әнді мен айтып беремін. (қолында гитара)
Мен қасқырмын, қасқырмын
Қозы ұрлаймын өрістен.
Ұйқым келмейді егерде
Қозы етін жемесем
Ахо - хо. Охо - хо.
Тәрбиеші: Міне, балалар аңдар да өнерлерін көрсетті.
- Ал, енді Аяз ата балаларымызға сыйлықтарын таратып беріңіз.
(барлығыңа сыйлық үлестіріледі)
Аяз - Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, екенсіңдер. Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді. )
Балалар: Сау болыңыздар! Рахмет сіздерге!
Бәрі.
Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты
Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар! "Қош келдің, Жаңа жыл!" атты ертеңгілігіміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген әріптестеріме мың алғыс айтқым келеді! Жаңа жыл құтты болсын, отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!! Келіп, көріп тамашалағандарыңызға көптен көп рахмет. Сау болыңыздар!
Страницы: << < 2 | 3 | 4