Сабақтың тақырыбы: Ж ж дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға ж дыбысы мен әрпін таныстыру, сөздегі орны туралы түсінік беру
2. Ж ж дыбысына қатысты жаңа сөздер ойлау, сөйлемдер құрату. Тілін дамыту;
3. Оқушыларды сауаттылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: ойын сабақ
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу, көрнекілік
Көрнекілігі: Ж ж дыбысы мен әрпіне арналған кестелер, суреттер
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.
Оқушылардың сабаққа даярлықтарын тексеру
II. Психологиялық дайындық
Бақытты балғын баламыз,
Өседі ой - санамыз.
Білімнің нәрін сусындап,
Биікке самғап, барамыз.
- Балалар, қазір қай сабақ?
- Әліппе сабағы - Әліппе сабағынан не үйрендіңдер?
Әріптерді, дыбыстарды жазып, айтып үйрендік.
III. Миға шабуыл.
1. Дыбыс деген не? (Естиміз, айтамыз)
2. Әріп дегеніміз не? (Көреміз жазамыз, айтамыз)
3. Дыбыс нешеге бөлінеді? (Дауысты, дауыссыз)
4. Дауысты дыбыстар қалай айтылады? (Созылып айтылады)
5. Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады? (Қысқа айтылады)
- Қандай дыбыстар мен әріптермен таныстыңдар?
- А, Р, О, Л, Ш, С, У, Ы, Д, Т, М, Н
"Жанды әріптер" ойынын ойнау
IV. Жаңа сабақ.
Жұмбақ шешу.
Кілемнің түрлеріндей жүндері бар,
Айбаты жан шыдамас үндері бар. (Жолбарыс)
- Жолбарыс қандай аң?
- Жолбарыс туралы не білеміз?
- Тағы қандай аңдарды білесіңдер?
Ендеше, біздің бүгінгі сабағымызға жолбарыс келді, ол бізге жай келмепті. Өзіне дос іздеп жүр екен.
- Көмектесеміз бе?
- Балалар, Жолбарыс сөзі қандай дыбыстан басталып тұр?
- Ж
- Ж - ж - ж деп дыбыстату.
- Қалай дыбысталады. ?
- Қандай дыбысқа жатқызамыз?
- Сөздің қай жерінде тұр?.
Буынға бөлеміз.
- Неше буын
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>