(2 мин)ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)
ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (19 мин)
ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (5 мин)
V кезең – бағалау кезеңі (2 мин)
VІ кезең – қорытынды (2 мин)Сабақ барысы:
КезеңМұғалім әрекетіОқушылар әрекеті
ІМұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Сосын тәртібін орнатып, балалардың кім-жоғын сұрайды.
Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.
ІІМұғалім үй тапсырмасын тексергенде ең алдымен дәптерлеріндегі кестені тексереді, сосын келесі сұрақтарды қояды:
1. Географиялық қабық қандай компоненттерден тұрады? Олардың өзара қандай байланысы бар екенін өз жерлерінің табиғаты мысалында сипаттаңдар.
2. Ең ірі табиғат кешенге не жатады?
3. Географиялық қабық дегеніміз не? Оның қандай заңдылықтары бар?
4. Табиғаттағы зоналылық дегеніміз не? Сендер тұратын жерлерде қандай табиғат зонасы бар?
5. Солтүстік жарты шар материктеріне қандай материктер жатады және неге?
Сосын балалардың рефераттарын жинап алады және әрбір балаға тақырып бойынша сұрақ қояды. Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді және өз рефераттарын қорғайды.
ІІІЖаңа сабақты түсіндіру алдында материктерді оқып үйрену Еуразия материгінен басталатынын айтады. Еуразияның географиялық орнын оқығанда оқушылар «материктің географиялық орны» ұғымымен алғаш рет танысады. Кез келген материктің географиялық орнын сипатау жоспарын береді:
а) материктің экваторға байланысты орналасу;
ә) бас меридианға қатысты орналасу;
б) тропиктік және поляр шеңберлерге қатысты орналасу;
в) градус торабына қатысты орналасу;
г) басқа материктерге қатысты орналасу;
ғ) мұхиттар мен теңіздерге қатысты орналасу;
д) географиялық
Страницы: << < 19 | 20 | 21 | 22 | 23 > >>