. Сендер де өз аттарыңды салып көріңдер
(балалардың аты-жөндерін жинайды).
- Мен кішкентай болған кезімде, мені еркелетіп "құлыным, кішкене гүл" деп айтушы еді. Бұл аттарды мен сиқырлы қорапқа қосып саламын. Ал, сендерді аналарын қалай еркелетіп айтады? Өздерінің еркелетіп айтатын аттарыңды сиқырлы қорапқа салғыларың келе ме? (еркелеп айтатын аттарын жинайды).
(Мәселе жағдайлар)
Қап, жел соғып кетті де, бүкіл жазған аттарымыз ұшып кетті. . . Енді не істейміз? Енді өз атым болмаса, не істеймін? (Егер де балалар ұсыныс жасамаса, көтеріңкі көңіл-күймен жалғастырамын) Мен "Аружан" деген атты ұстап алдым. Бұл кім екен? Аружан қайдасың? Міне, Аружан өз атыңды ала ғой. (Берген кезде: "Аружан, сенімен танысқаныма өте қуаныштымын!" және т. с. с. Сабақ соңында сендер сияқты жайдары, ақылды және көңілді балалармен танысқаным үшін сондай ризамын.
Негізгі бөлім
Ал енді сендердің ақылды,жайдары екендеріңді тексеріп көрейік. . . Балаларға "Достық гүлі" дегенді жинау ұсынылады, бірақ ол үшін әр балаға гүлдің бір жапырағын алу ұсынылады және ұлдар мен қыздар бір-бірінің лидерлік немесе жақсы жақтарын айтулары тиіс. Ұлдар - ақылды, мықты, күшті, сабырлы, қайратты, қиындыққа төзе алатын, қыз балаларға кешірімді қарайтын және қыздарды қорғап, оларды сыйлайды. Қыздар - сүйкімді, нәзік, әдемі, мейірімді жәнеақкөңіл. Ұлдар ашушаң, ақылсыз, жалқау және жылауық қыздармен дос болғысы келмейді. Балалар бір-бірінің жағымды жақтарын айтып, гүлдің жапырақтарын жинап қосады. "Достық гүлін" жинап болған соң, балалар бір-бірін құшақтап шапалақтайды.
Тәрбиеші: Балалар, менде айна бар. Қараңдаршы, қандай керемет айна! Қазір әр бала өз айнасына қарап, сосын менің артымнан қайталаңдар.
Міне, менің домалақ басым. Ба
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>