лалар бастарын сипайды. Содан менің кішкене ғана мұрным, күлімсіреген қызыл еріндерім, қардай аппақ тістерім, ақырындап тісті тіске тигізеді, менің тәтті тілім және қиылған қастарым деп төмен-жоғары қимылдатады. Мөлдіреген көздерімен ашып-жұмады. Кішкентай ғана нәзік құлақтарын сипайды. Мойнын созып, оңға және солға қарайды, қолдарын төстеріне айқастырып қойып, өздерін құшақтап тұрғандай қимылдар жасайды. Арқаларын түзу ұстап, аяқтарымен топ-топ етеді.
Тәрбиеші:Міне, осындай бөліктерден біздің дене мүшелеріміз құралған. Балалар, бір-біріне қараңдаршы, сендердің барлық дене мүшелерін бірдей, бірақ сендер бір-бірінен сондай өзгешесіңдер, әртүрлісіңдер.
Өткізілетін ойын"Біз - әртүрліміз".
Мақсаты: Ойын назарды, ынтаны, танымдылық пен баланың бойындағы жеке ерекшеліктерді көруді дамытады.
Ойын барысы. Балалар тәрбиешімен бірге шеңбер бойына тұрады. Өз еркі бойынша ортаға бір бала шақырылады. Тәрбиеші жүргізуші ретінде балаларға сұрақтар қояды:
-- Ұл балалардан кімнің бойы ең ұзын?
-- Қыз балалардан кімнің бойы ең ұзын?
-- Балалардан кімнің бойы аласа?
-- Кімнің шашы қара ( бұйра, түзу, ашық қоңыр т. с. с. ) ?
-- Көршілеріне қарап, оның көзінің түсі қандай екенін айтыңдаршы?
-- Кімнің басында бант (екі банта, шаш қыстырғыш, рәзіңке, шаш ободогы) бар?
-- Кім көйлек, шалбар, сарафан киді?
-- Кімнің киімінде сары, қызыл, көк, қоңыр, жасыл түстер бар?
-- Қыздар қандай аяқ киім киеді? Ал ұлдар қандай аяқ киім киеді?
-- Қыздар мен ұлдар қандай әшекей бұйымдарын тағады?
Ойын соңында тәрбиеші барлық балалардың бір-бірінен ерекшеленетінін айтып, балалардың барлығы "әртүрлі", "ерекше", "бір-біріне ұқсамайды" екенінде балаларды сендіргеніне назар аударуы қажет.
Тәрбие
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>