Функционалдық сауаттылық- өмір талабы

Страницы: 1 | 2  >  >>

Функционалдық сауаттылық- өмір талабы.
Тұлғаның бейімділігін,қажеттілігін қанағаттандыруды, қызығушылығын, қабілетінің дамуын ескере отырып, функционалдық сауаттылығына қол жеткізуді қамтамасыз етіп, жан-жақты дамыған, мектепте алған білімін өмір бойы пайдалана алатын тұлға өсіру - білім беру мамандарына жүктелген үлкен міндет деп түсінгеніміз жөн. Қазіргі тез құбылмалы әлемде функционалдық сауаттылық адамның әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына факторлардың біріне айналуда. Елбасы айтқандай: "Білім беру тек қана оқытумен ғана шектелмей, оны керісінше, әлеуметтік адаптация процесіне бейімдеу қажет". Функционалдық сауаттылық дамытудың жалпы бағдары 2011 - 2020 жылының мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген. Жалпы функционалдық сауаттылық дегеніміз - оқушылардың сыртқы ортамен қарым - қатынасжасау қабілеті,алған білімін өмірде қолдану. Сол функционалдық сауаттылық дамытуда әр пәннің рөлі зор. Соның ішінде қазақ тілі мен әдебиетінің алатын орныерекше. Қазақ тілінің грамматикасын меңгерген оқушы, қоғамның кез келген саласында жұмыс істеп, өзінің функционалды сауаттылығын көрсете алады.
Сабақта оқушының назарын аудару үшін қызықты көрнекілік құралдарын қолдану, сөздікпен жұмыс жасау, әңгімені талдау, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыстарды орындату т. б. әдіс- тәсілдерді қолдануы қажет.
Яғни, жоғары деңгейде сабақ беретін мұғалімнің алдынан шыққан оқушы - өмірге дайын болады, азамат болып қалыптасады. Әрбір мұғалім осыған ұмтылады деп сенемін.
Сауаттылық тұлғаның тұрақты қасиеті болып табылатындықтан, функционалдық сауаттылық сол тұлға меңгерген белгілі - бір білім - біліктерден көрініс табады. Өйткені функционалдық сауаттылыққа адам нақты білім алу кезеңдерінен өткеннен кейін қол жеткізеді. Сондықтан, біл

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: