анализ жасайды. Қолдарындағы атластарынан қарап, салыстырып, сәйкестендіреді. Мұғалімнің көмегімен палнеталарды сипаттайды, оларды салыстыру, айырмашылықтарын табады. Жер пішіні жөнінде ой толғап, оның өлшемдеріне назар аударады. Радиустарының айырмашылықтарын анықтайды, орташа радиусын табады.
5. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі (9 мин) Суретке қарап, картадан саяхатшылардың жүрген жолдарын көрсету, Күн жүйесінің суретін салдырып, ондағы Жердің орнын анықтау тапсырмасын беру. Оқушылар өз немесе мұғалімнің қалауынша тақтаға шығып, тапсырманы орындайды.
6. Сабақты қорытындылау кезеңі
(5 мин)
Сабақты бүгінгі тақырыптар бойынша фронтальді немесе жеке сұрақтар қою арқылы қорытындылау:
1. География ғылымы нені зерттейді?
2. Физикалық география немен шұғылданады?
3. Жер туралы мәліметтердің жинақталу кезеңдерін ата, ежелгі кезеңде қандай зерттеушілердің географиялық құралдары болған?
4. Ең алғаш жер шарын айнала жүзген саяхатшы, оның саяхат жылдары?
5. Планеталар не себепті Күн төңірегінде тұйық сызық жасап айналатынын түсіндіру.
6. Жер шарының ауданы, радиусы, экватор ұзындығы?
Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.
7. Бағалау кезеңі
(1 мин)
Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды. Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.
8. Үйге тапсырма беру кезеңі
(1 мин)
1-2 параграфтарды оқу, кескін картаға саяхатшылардың маршруттарын салу және олар туралы баяндама жазу. Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.
Страницы: << < 2 | 3 | 4