Физика – табиғат туралы ғылым

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

. б. )
Барлық осы құбылыстар өлі табиғатқа тән. Бірақ олардың көпшілігі тірі организмдердің ішінде де болады. Мысалы, ылғал өсімдіктің сабағы арқылы жерден оның масағына көтеріледі, қан адам мен жануардың денесіндегі тамырлар арқылы ағады, нерв талшықтары арқылы мидан сигнал беріледі. Қалайша бір ғана ғылым - физика - осыншалық көп құбылыстарды талдайды? Оның себебі ғылымның ғажайып қасиеттеріне байланысты - яғни қарапайым құбылыстарды зерттеу негізінде жалпы заңдылықтардың ашылуы. Мысалы, әр түрлі биіктіктен мөлшері әр түрлі шариктердің еркін құлап түсуін зерттеу арқылы басқа денелердің құлап түсуі кезінде орындалатын заңдарды тағайындауға болады. Осы кітап бойынша сендер осындай қарапайым құбылыстарды оқып үйренуді бастайсыңдар және олардағы маңызды заңдылықтарды анықтауды біртіндеп үйренесіңдер.
Физиканың басты міндеті - табиғатта болатын алуан түрлі құбылыстарды өзара байланыстыратын заңдарды ашу, құбылыстардың байланысы мен себептерін табу. Мысалы, Күн жүйесі центрінің айналасында планеталардың дөңгелек бойынша айналу себебі оларды Күннің өзіне тартуынан болады; күн мен түннің алмасу себебі күн сәулесімен жарықталынатын Жердің өз өсінен айналуынан болады (1-сурет); желдің пайда болу себептерінің бірі ауаның бірқалыпты жылынбауынан болады және т. б.
Табиғатты зерттеумен тек физика ғана айналыспайды, басқа да ғылымдар бар, мысалы, география, биология, химия. Әрбір ғылымның өз мақсаттары мен табиғатты зерттеу тәсілдері бар. Физиканы оқып үйрену арқылы сендер біртіндеп бір ғылымның екінші ғылымнан немен ерекшеленетінін және сонымен бірге олар өзара қалай тығыз байланыста екенін білесіңдер. Табиғат туралы ғылым өте ертеде пайда болған. Табиғатта байқалатын құбылыстарды түсіндіруге бірінші болып ежелгі Қытай, Үнді және көне Грек ғалымдары талпыныс жасаға

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: