Физика – табиғат туралы ғылым

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

Радиоқабылдағышты, автомобильді, ғарыштық аппараттарды, тіпті киімдер мен қоректік азық-түлікті дайындау үшін де физиканы білу керек. Мысалы, физиктер жарықтың ауа мен шыныда қалай тарайтынын оқып үйренгендіктен ғана көзәйнектер, телескоптар, фотоаппараттар мен бейнекамераларды жасау мүмкін болды. Кемелерді, ұшақтарды, ауа шарларын құрастыру мен жасау сұйықтықтар мен газдарды және оларда қозғалатын денелер бағынатын заңдылықтарды білуге негізделген. Физика ілімінсіз сағатты да, телефонды да, шаңсорғышты да, теледидарды да жасауға болмас еді, сондай-ақ асты дайындауға және сақтауға, бөлмені тазалауға, әуенді тыңдауға және т. б. көмектесетін көптеген пайдалы заттардан құралақан болар едік.
Физика нені зерттейді?
Физика - табиғат туралы ғылым. Бірақ табиғатта көптеген алуан түрлі өзгерістер немесе құбылыстар болады. Физика олардың қайсысын зерттейді? Физикалық құбылыстарға жататындар:
1) механикалық құбылыстар (мысалы, ұшақтар мен автомобильдердің қозғалысы, маятниктердің тербелісі мен құбыр бойынша сұйықтықтардың ағысы, Жердің Күн айналасында және орбиталық станциялардың Жер айналасында айналуы);
2) электрлік құбылыстар (мысалы, электрленген денелердің тартылуы мен тебілуі, электр тогы және т. б. );
3) магниттік құбылыстар (мысалы, магниттердің темірге әсері, токтардың магниттік өзара әрекеті, Жердің компас тіліне әсері және т. б. );
4) оптикалық құбылыстар (жарықтың әр түрлі орталарда таралуы, айналардан жарықтың шағылуы, әр түрлі жарық көздерінің жарық шығаруы және т. б. );
5) жылу құбылыстары (мұздың еруі, судың қайнауы, қардың түзілуі, металдардың жылулық ұлғаюы, электрлік жылытқыш аспаптардың әрекеті және т. б. );
6) атомдық құбылыстар (мысалы, атом бомбаларының жарылысы мен жұлдыздардың қойнауындағы болатын процестер және т

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: