Сабақ жоспары
Физика - табиғат туралы ғылым
Сабақ реті
1
Пәні
Физика
Сынып
7
Күні
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: Оқытудың ұтымды әдісін оқушылардың тиянақты, терең білім алуына қалыптастыруға бағыттау керек.
2. Дамытушылық мақсаты: Табиғат және физика құбылыстарымен таныстыру. Табиғат туралы ғылымдармен таныстыру
3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі:
жаңа білімді қалыптастыру
Сабақтың Әдіс-тӘсілдері:
Әңгіме, жаттығулар орындау
Сабақтың кӨрнекіліктері:
плакаттар, суреттер, үлестірме қағаздар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, отырғызу, түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.
ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру:
ІV. Жаңа материалды қабылдауға Әзірлік, мақсат қою.
Бүгінгі сабағымыздың негізгі мақсаты физика нені зерттейтінімен таныстыру.
V. Жаңа материалды меңгерту:
Физика нені зерттейді
Өздерің ашып отырған оқулық "Физика" деп аталады. Бұл жаңа ғылымды сендер мектепті бітіргенше оқып игересіңдер. Физикамен таныстық мектепте аяқталмайды. Ғалым-физиктерді дайындайтын арнайы институттар бар. Бірақ физика тек ғалымдарға ғана емес, ол барлығымызға: жұмысшыларға, дәрігерлерге, инженерлерге, конструкторларға да керек. Физика ілімі адамды аса ақылды және күшті етеді, ол табиғат апатының алдында әлсіз болмауға үйретеді, өзің өмір сүріп отырған әлемді таныта бастайды. Тек физиканы біле отырып, үйлерді, зауыттарды, машиналарды, электр станцияларын жобалауға болады.
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>