Физика сабағында оқушыларға экологиялық білім беру

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

"Физика сабағында оқушыларға экологиялық білім беру"

Жалпы білім беретін мектептердің міндеті оқушыларға табиғат пен қоғам жайлы ғылымның негіздерін үйретіп қана қоймай, ең бастысы, оларды табиғатқа деген сүйіспеншілік сезім ұялату, қоршаған табиғи ортамен парасаттық тұрғыда қарым-қатынас орнатып, экологиялық білімділік пен дағдыны қалыптастыру болып табылады.
Физикадағы экологиялық білім берудің басты-басты мәселелеріне ғана тоқталып ,оны былай жоспарлауымызға болады.
тақырып Экологияға қатысты материал
7- сынып
1)"Физика,техника табиғат" Ғылыми-техникалық прогрестің әлеуметтік салдары.
2)"Заттың үш күйі" Судың физикалық қасиеттері.
3)"Ауырлық,серпімділік күші" Қала сәулеті.
4)"Табиғаттағы,техникадағы үйкеліс" Атмосфераның ластануы.
5)"Денелердің жүзуі" Әлемдік мұхиттың мұнай өнімдерімен ластануы.
6)"Әуеде ұшу" Атмосфераның жоғарағы қабаттарын зерттеу.
8-сынып
1)"Жылу берілу түрлері" Жердің жылу режимі. Желдердің ылғал ауа мен газ қоспасының пайда болуы. Күн энергиясының таралуы.
2)"Жылу двигателдері" Сыртқа шығарылатын газдар, оның айналаға әсері.
3)"Ток күші", "Электр кернеулігі", "Электр кедергісі" Электр тоғының адам ағзасына әсері.
4)"Жердің магнит өрісі" Магнит өрісінің биосфераға әсер етуі.
5) "Электрлендіру" Қышқылды жаңбырлар. Су қоймаларының ауа райына,топыраққа әсері т. б.
9-сынып
1) "Салмақсыздық" Тірі организмге физикалық әсері
2) "Жасанды серіктер" Ғарыш кемесі экипажын өмірлік қажеттілікпен қамтамасыз ету.
3) "Реактивті қозғалыс" Жердің жасанды серіктерінің биосфераны зерттеудегі ролі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: