Физика сабағында оқушыларға экологиялық білім беру

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

ндіріп өткенде, міндетті түрде радиоактивтілік құбылысының зияны қандай қоршаған ортаға, оның адам организміне әсері қандай?
Радиоактивтік заттар табиғатта көптеп кездеседі. Ғылымда оларды шығу тегіне қарай екі топқа бөледі. Бірінші топқа радионуклидтер,екіншісіне-жасанды радиоактивтік заттар кіреді.
Радиоактивтік эаттар адам организміне үш жол арқылы түседі. Бірінші адамның терісі арқылы, екінші- тыныс органдары арқылы, үшінші - ішетін ас арқылы асқазан мен ішектерге түседі.
Әдетте ауада түрлі майда түйіршіктер қалқып жүреді. Радионуклидтердің тозандары да олардың құрамында мол кездеседі. Ешқандай да оптикалық құралмен қаруланбаған адам көзі оларды көруге қабілетсіз. Әлгі шаң - тозаңдар адамның сыртқы терісіне қонады да , ұзақ уақыт тұра береді. Уақыт өткен сайын олар ішке қарай ене береді. Кейде қан тамырларына жетіп, қан арқылы жүрекке, одан бүкіл дененеге тарайды. Көбіне ондай тозаңдар адамның тыныс органдары арқылы ауыз қуысына, одан ары өкпеге келіп түседі. Өкпе қабынып, ісінеді де ,адам өміріне айтарлықтай қауіп төндіреді.
"Ядролық энергияны қолдану"деген тақырыпты оқытқанда ХХ ғасырдағы экологиялық апаттың басты себептерінің бірі-ядролық жарылыстар,Семей полигоны,АӘС-лары екендігін айтып түсініктеме береміз.
1945 жылдан бастап өріс алған ялролық жарылыстар нәтижесінде атмасфераға 2,41024Бк тритий және т. б 17,11018Бк радионуклид келіп түсті . Олардың ішінде цезийде, рубидий де, стронций де -бәрі де бар.
Семей полигонында 1949-1989жылдар аралығында 40 жыл ішінде 200-дей ауадағы жарылыс және жер асты жарылыстары жасалған, ал тек ғана 1964-1989 жыл аралығында 340 жер асты жарылыстары жасалынған. Барлығы 500-ден астам жарылыс болған. Бұл заттардың қуаты 100 кг 50 мегатоннаға жеткен. Бұның 20 мегатоннаға жер беті жарылысына, 30

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: