Excel-де графиктер мен диаграммалар тұрғызу

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

алауға болады.
Бұл үшін:
тақырыпты А1 ұяшығына жазу;
кестеде болады деп болжанып отырған бағандар санына сәйкес ұяшықтар ауқымын ерекшелеу
Пішімдеу құралдар үстелінде ұяшықтарды біріктіру және ортада орналастыру батырмасын басу керек
2. Оқушылар білімін жан-жақты тексеру:
Microsoft Excel бағдарламасы жөніндегі білгендерін компьютерде тест арқылы тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ:
Қазіргі кестелік процессорлар статистикалық деректерді түрлі түсті диаграммалармен, графиктермен және графикалық суреттермен, схемалармен әсерлі көрсетуге мүмкіндік береді.
Диаграммалар деректерді графикалық түрде көрсетуге арналған.
Excel-де диаграммаларды құрастыру үшін электрондық оқулыққа назар аударыңыздар
Excel программасындағы диаграмма термині сандық мәліметердің графиктік түрде бейнеленуінің барлық жағын қамтиды. Графиктік бейнелеу берілген мәліметтер қатары негізінде құрылады. Берілген мәліметтері бар жеке алынған жол немесе бағаннан тұратын ұяшықтар тобы мәліметтер тобын құрайды. Бір диаграммада бірнеше мәліметтер қатарын бейнелеуге болады. Диаграмма деп жұмыс кітабының бір парағына енгізілген графиктік обьектіні айтады. Ол мәліметтер тұрған парақта немесе кез-келген басқа парақта орналасуы мүмкін. Диаграмма өзі тұрғызылған мәліметтермен әрқашан тығыз байланыста болады. Егер мәліметтер жаңартылатын болса, диаграмма да автоматты түрде соған сәйкес өзгереді. Диаграмманы тұрғызу үшін Диаграмма шебері (Мастер диаграмм) қолданылады.
Диаграмма шеберін қолдану кезінде мынадай әрекеттерді орындаңыз:
1. Диаграммаға кірістіру қажет деректерді бөлектеп алыңыз
2. Кірістіру-диаграмма мәзірін таңдаңыз немесе стандартты құралдар үстеліндегі Диаграммалар шебері батырмасын басыңыз
3. Шебердің бірінші қадамында диграмма түрін жән

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: