Excel-де графиктер мен диаграммалар тұрғызу

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

мәліметтер мәні өзге ұяшықтар мазмұнына тәуелді болмаса, олар негізгі деп аталады, керісінше болғанда бұл мәліметтер туынды деп аталады.
Ұяшық мазмұнымен жұмыс істеу үшін оны белсенді етіп алу (үстінен тінтуірдің сол жақ пернесімен шерту) қажет. Ұяшық мазмұнын жою үшін оны белсенді етіп алып, пернесін шерту керек.
Белсенді ұяшықтың мазмұнын өңдеу үшін мына амалдардың бірін орындау қажет:
Ұяшықты тінтуірдің сол жақ пернесімен екі рет шерту.
Ұяшық мазмұнын өрнектер жолағында өңдеу.
пернесін басу.
Егер сіз осы амалдардың бірін де таңдамай, ұяшыққа жаңа деректер енгізсеңіз, ұяшықтың алдыңғы мазмұны өз бетімен жаңа ақпаратпен алмасады.
Excel бағдарламасында жол/баған тақырыбын шертсеңіз, бір жол не баған тұтастай бөлектенеді.
Кестеге жол және баған үстеу немесе оларды жою үшін жол немесе баған тақырыбын тінтуірдің оң жақ пернесімен шертіп, мәтінмәндік мәзірді шақырып алыңыз да, Жою немесе Кірістіру әмірін таңдаңыз.
Бұл үшін сондай-ақ Кірістіру мәзірінің Ұяшықтарды жою/Ұяшықтарды кірістіру әмірін орындаңыз.
4. Қатар - логикалық тізбек құрайтын ұяшықтар тізбегі. Excel-де Өзтолтыру жетесінің көмегімен сандар, күндер және т. б. қатарларын жасауға болады.
Деректер қатарын енгізу үшін ұяшыққа қатардың бірінші элементін енгізіп, пернесін басыңыз немесе өрнектер жолындағы Енгізу батырмасын шертіңіз. Белсенді ұяшық жақтауының оң жақ төменгі бұрышында Өзтолтыру байрақшасы (кішкене қара квадрат) орналасқан. Тінтуір нұсқағышын осы басқарушы элементке қойып, тінтуірдің сол жақ пернесін басып ұстап отырып, қажетті ұяшықтар ауқымын бөлектеп алыңыз.
Қатарға кіретін ұяшықтардың барлығы сұр түсті жақтаумен қоршалады, ал ауқымның соңғы ұяшығындағы мән сары тік төртбұрышта көрініс табады
Сондай-ақ, Прогрессия жетесінің кө

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: