мегімен, мынадай әрекеттер ретін орындап та, біртекті деректер қатарын жасауға болады:
1. Ұяшыққа бірінші элементті енгізіңіз.
2. Қатардың бір бөлігі болатын ұяшықтардың барлығын, біріншісін қоса ерекшелеп алыңыз.
3. Өңдеу - Толтыру - Прогрессия әмірін таңдаңыз.
3. Пайда болған Прогрессия сұхбат терезесінде Өзтолтыруды таңдаңыз (8. 12-сурет).
5. Жарайды батырмасын басыңыз.
2 оқушы:
4. Ұяшықтарды пішімдеу - бұл олардың сыртқы көрінісін безендіру, сондай-ақ олардың мазмұнының деректер пішіміне түзетулер енгізу. Ұяшықтарды пішімдеу үшін қажетті ұяшықтарды ерекшелеп алып, Пішімдеу құралдар үстелінің батырмаларын пайдаланыңыз немесе Пішім мәзірінің - Ұяшықтар әмірін іске қосыңыз.
Excel бағдарламасында Пішімдеу үстелінің батырмалары мәтінге қатысты Word бағдарламасында ұсынылатын әрекеттердің барлығын: қаріптің түсін, мәнері мен өлшемін, өзгерту, бөлектенген ұяшықтардағы мәтінді туралау және т. б. қолдануға мүмкіндік береді.
Екінші амалды қарастырайық. Бұл тәсіл мынадай қосымшалардан тұратын Ұяшықтар пішімі сұхбат терезесін шақырады:
1. Сан - ұяшықтар деректерінің пішімін өзгертуге мүмкіндік береді
2. Туралау - ұяшық мазмұнын туралау параметрлерін белгілейді
3. Қаріп - қаріп параметрлерін белгілейді
4. Жиек - ұяшық жиектерінің параметрлерін белгілейді
5. Әшекейлер - ұяшықтың боялуын белгілейді
6. Қорғаныс - ұяшықтың қорғанысын белгілейді
Екі немесе бірнеше ұяшықты біріктірген кезде олар бір ұяшыққа айналып, ұяшықтағы мәтінді не өрнекті пішімдеуді оңайлатады.
Мысалы, тақырып бір ұяшыққа сыятындай ету үшін кесте тақырыбы жолағындағы бірнеше ұяшықты біріктіру қажет болды делік. Осыдан кейін тақырып мәтінін біріктірілген ұяшықта тура ортада орналасатындай етіп тур
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>