Пән: қазақ тілі
Сынып: 7
Өтілген күні:
Сабақтың тақырыбы: Етістіктің сөйлемдегі қызметі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: тақырып бойынша алған теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, етістіктің сөйлемдегі қызметін анықтау.
Дамытушылық: ойлау,сөйлеу,қабылдау қасиеттерін жетілдіру,дамыту.
Тәрбиелік: ұқыптылыққа,жауапкершілікке,тиянақтылыққа баулу.
Сабақтың түрі: Қайталау,жинақтау сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдату, т. б.
Сабақтың жабдығы: Тақта, интерактивті тақта, үлестірме қағаздар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды топқа бөлу(қызыл үстел,көк үстел,сары үстел, жасыл үстел)
II Ой қозғау
"Сұрақ - жауап" арқылы алған білімдерін еске түсіріп, жинақтап алу.
Сұрақтар:
1. Етістік дегеніміз не?Мысал келтір.
2. Етістіктер құрамына қарай нешеге бөлінеді?
. 3. Болымсыз етістік қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
4. Салт, сабақты етістіктерді қалай ажыратамыз?
5. Қимылдың ,іс-әрекеттің атауы болып,жақпен де, шақпен де байланысты болмайтын қандай етістік?
6. Әрі есім сөздің, әрі етістіктің қызметін атқаратын қандай етістік?Оның түрленуі.
7. Кейде іс-әрекетті білдіретін, кейде іс-әрекеттің әр түрлі амал тәсілін білдіретін етістіктің ерекше түрі не?Ол қалай жасалады?Түрленуі ше?
8. Етістіктің шақтары нешеу?Қанда?
9. Етістіктің райлары нешеу? Қандай, қандай ?
10. Етіс түрлері нешеу?
11. т. б. сұрақтар.
III. Жаңа сабақ.
Етістіктің сөйлемдегі қызметінанықтау.
1. Кел, балалар, оқылық! (баяндауыш)
2. Пайдасын көре тұра тексермедім. (пысықтауыш)
3. Оқу үшін осында келді. (пысықтауыш)
4. Көрмес-түйені де көрмес. (бастауыш)
5. Білудің шегі жоқ. (анықтауыш)
6. Білгенге маржан, білмеске арзан. (
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>