Сабақтын тақырыбы: Етістік.
Сабақтын мақсаты:
1. Етістік туралы берілген ұғымды кеңейту, етістіктің негізгі лексикалық мағынасы мен қызметін меңгерту.
2. Сөйлеу барысында етістіктерді мағынасына сай дәл, дұрыс жұмсай білу дағдыларын дамыту.
3. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: кестелер, қима қағаздар.
Сабақтын барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үйге тапсырма::3-жаттығу. (110 бет)
III. Жаңа сабақ:
1. Кіріспе.
- Етістік дегеніміз не? Оның сұрақтары?
- Етістіктің түрлері? (Күрделі, дара)
- Болымды, болымсыз етістік дегеніміз не?
2. Оқулықпен жұмыс.
1- жаттығу. Өлеңді көшіріп жаз. Өлеңде қойылған сұраққа жауап бер. Сұрақ қою арқылы заттың қимылын білдіретін сөздерді тап. Заттың қимылын білдіретін сөздер қалай аталады?
2-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті етістікті қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз. Етістіктер қандай сөйлем мүшесі болып тұр? Болымды, болымсыз етістіктерді ата. Болымсыз етістіктер қандай жұрнақтар арқылы жасалады? (Етістік болымды (сөйле, сыз) және болымсыз (сөйлеме, сызба) болып бөлінеді. Болымсыз етістік болымдыға - ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары жалғану арқылы жасалады: үзбе, ерінбе, тиме. ) Ал кейбір болымды етістіктер де - ма, -ме, -ба, -бе буындарына аяқталады. Мысалы: жама, қама, күрме, серме.
IV. Сергіту сәті.
3-жаттығу. Сурет бойынша сөйлемдер құрастырып жаз. Сөйлем ішіндегі етістіктердің астын сыз. Дара немесе күрделі етістік екенін анықта. Қай сурет артық? Пікіріңді дәлелде. (Әр бөлімдегі суреттерді салыстыра отырып, қай бөлімнің артық екенін тауып, дәлелдейді. Бұл жерде барлық көріністерде балалар іс-әрекет, қимыл жасауда, тек бір көріністегі бала тұмшаланып алып, бос қарап тұр. Қымылдап жүрген балал
Страницы: 1 | 2 > >>