ыту, бос ойбай көмектеспейді, ал нашақорлық туралы тым аз білу тіпті арадағы түсіністікті жоқ етеді. Оларға нақты мысал келтіріп, нашақорлық қаупін жете түсіндірген жөн. Әңгіме арқауында қылмыстық және әлеуметгік мәселелер жиі естілуі тиіс. Басты айтатыным, ата-ана өздеріңіз арақ ішіп, темекі тартып, есірткі қолданып ұрпағыңызға "өнеге" көрсетпеңіз. Әрбір бала ата-анасына ұқсауға тырысады, бұл әсіресе 14 жасқа дейінгі кезеңде айқын көрінеді. Жас балалар арақ-шарап ішу, темекі тарту және есірткі қолдану оларды ересек етеді деген ойда жүреді, оларға арақ ішу мен темекі тарту баланы ересек етпейтіндігін түсіндіріп отыру артық болмайды. Сонымен бірге есірткі колдану, оны сақтау немесе сату заңмен қудаланатынын жиі есіне салып отыру керектігін де естеріңізге сала кетейік. Жасөспіріммен алкоголь, темекі, есірткі және барлық тәрбиелік мәні бар әңгімені тиімді уақытта бастаған дұрыс. Оның барлық назары тек сізде болуы кажет, сонда ғана арада түсіністік болады.
Жасөспірімнің есірткіге әуестенгенін анықтау киын емес. Ең алдымен жасөспірімнің мінез-құлқы өзгеріске ұшырайды. Ол ашушаң бола бастайды. Кез келген нәрсе қанын қайнатып, жүйкесін тоздыратынды шығарады. Жасөспірім айналасындағылардың барлығын жау санап, айбат көрсетуді, аты-жөні жоқ қаһар шашуды әдетке айналдырады. Сабақтан қалуды
жиілетеді, пәндерден алатын бағалары төмендейді, білімі тайызданады.
Үйге кеш оралып, түс ауғанша ұйықтауды көбейтеді. Көшеден келісімен
екі-үш күн тамақ ішпеген адамдай суыған асты қомағайлықпен жей бастайды. Ал кей кезде тіпті тамаққа қарағысы да келмейді. Мұндай
мінезді көбінесе наша шегетіндерден байқауға болады. Егер шегіп келген болса, онын киімі темекіден басқа, ерекше түтін иісін шығарады.
Көздері қанталап, бұлыңғыр тартып тұрады, қайта-қайта сұрауы д
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 > >>