ты сезбейді. Нашақор өзінің мүгедектігін тек екі жағдайда байқайды: өзі іріңдеп, шіри бастағанында немесе нашақорлықтан емделіп, есі орнына келген кезде. Органикалық еріткіштер мен уксустік ангидридтен тек қана бауыр емес жүрек, ми, өкпе де зардап шегеді.
Адам нашақорлыққа қандай жолдармен келеді. Жасөспірімдер арасында нашақорлыққа салынуға бейім жағдайлар мынадай:
- ата-ананың баласын тәрбиелеуге уақытынын болмауы, жасөспірімнің үйден тыс өмірін қадағаламауы;
- отбасы мүшелерінің бірі арақ-шарап ішуі немесе есірткі колдануы;
- әкесі мен шешесінің жиі жанжалдасуы;
-ата-ананың бірі бала тумай тұрғанда
маскүнем немесе нашақор болуы;
-отбасы мүшелерініц бір-біріне деген сүйіспеншіліктің болмауы, отбасындағы түсініспеушіліктің орын алуы;
- мектепте мұғалімдердің нашақорлық мәселелеріне көңіл бөлмеуі,
жасөспірімдер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізбеуі;
- достарының арасында нашақорлардың бар болуы;
-өзінен жасы үлкен достарынын жетегінде жүруі;
-алкоголь мен есірткіге қол жеткізудін оңай болуы;
-әлеуметгік-экономикалық жағдайының төмендігі.
Ал енді жастарды есірткіден қалай қорғап қалуға болады? Қазіргі жастар тез өсіп, дене бітімі тез жетіледі. Алайда олардың сана-сезімі мен дүниетанымы әлі де болса балалықтан асып кете алмайды. Біздің айналамызда еңгезердей балақайлар жиі кездеседі. 9-12 жасар балалар есірткіге сирек әуес болады. Олардың әуестендіру әдейі жасалған әрекет бол-маса, бұл жастағылар темекі шегуді де мәртебе санайды. Олардың кейбіреулері шарап та ішеді. Тоғыз-он екі жасарлар үй жақта немесе мектепте арзан улы химикаттарды иіскеуі мүмкін. Сондықтан ата-ананың міндеті осы жастағы балаға көбірек көңіл бөліп, темекі, спирттік ішімдік және есірткінің зияны туралы жиі айту. Мұндай әңгімелер іш пыстыр-майт
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>