Есірткі туралы не білеміз

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

ын болғаны абзал және де бостан бос миды ашытпай, жәй айтып кана қоймай, мысал да келтіру кажет.
Аталмыш жастағы балалардың психикасы сезімтал болады, олар көргенін өмір бақи ұмытпайды. Осы жастарда баланызға аса көңіл аударыңыз, өйткені оның болашағы, оның болашақта дені сау азамат болып өсу мәселесі дәл сол кездері шешіледі.
13-15 жастағы жасөспірімдер есірткі туралы ересек замандастарынан естіп біледі. Олар нашақорлықты ауыр, емделуі қиын індет екенін түсінбейді. Анаша шегуді нашақорлыққа жатқызбайды, оған тәуелді емеспін, кез келген уақытта шегуді тоқтата аламын деп ойлайды. Бұларға барлық нашақор "жеңіл" есірткіден бастағанын, содан бірте-бірте нашақорға айналғанын түсіндіру кажет. Кез келген есірткі адамның денсаулығын, психикасын бұза-ды, адамды қуатсыз, әлсіз, жігерсіз ететіндігін жеткізу керек. Бұл жастарда жасөспірімдер өтпелі кезеңде болғандықтан олардың немен әуестенетіндігіне, достарының кім екендігіне, достарының арасында есірткі мен алкоголь қолданатындардың бар-жоқтығына көңіл бөліп, мінез-құлқының өзгерістеріне назар аударған дұрыс.
Енді 16-18 жасар жастардың арасында нашақорлық пен оның салдары туралы жақсы білетіндер көп. Жастардың арасында есірткіні жақтаушылар, оған қарсы тұрушылар мен екі ойлылары бар. Сонымен қоса есірткі мен алкогольге салынып кеткендер де кездеседі. Оларды қалай анықтау керек? Жастардың тәлім-тәрбиесінде түрмеде отырған құрдастары мен таныстары үлкен әсер етеді. Ондай адамдар жастарды өз өмірінің "романтикасын" айтып қызықтырады, ұрлыққа, есірткіге баулиды. 16-18 жасарлармен әңгімелесу қиын, олар сізді өмір ағымынан қалып қойған "ежелгі санауы" өздерінің ержеткен ересек азамат екенін алға тартуы әбден мүмкін. Сондықтан олармен ересек азаматпен сөйлескендей әңгімелесу кажет. Әдейі қорқ

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: