Есімдік. Жіктеу есімдігі.

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сабақтың тақырыбы: Есімдік. Жіктеу есімдігі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Есімдік туралы түсінік, соның ішінде жіктеу есімдігі туралы жалпы мағлұмат беру, оның ерекшелігін ұғындыру.
Дамытушылық: Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, шығармашылық қабілетін дамытуға баулу.
Тәрбиелік: Грамматикалық тапсырмаларды орындау арқылы шапшаңдыққа тәрбиелеу, ұлттық дүниетанымын ояту.
Түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сабақтың барысы:
Блум таксономиясы арқылы сабақтың өтілу моделі
I. Қызығушылығын ояту.
1. Есте сақтау. Өрмекші торы стартегиясы арқылы үй тапсырмасын сұрау.
II. Мағынаны тану.
2. Түсіну. Жаңа тақырып Есімдік. Жіктеу есімдігі.
3. Қолдану. Жаттығу жұмыстары.
4. Талдау. Талдау-табыс кілті.
III. Ой толғаныс.
5. Жинақтау. Ақиқат па? Жалған ба?
6. Бағалау.
Ұйымдастыру.
а) Оқушыларды түгендеу.
ә) Оқу - құралдарын тексеру.
б) топқа бөлу Ақыл, Жүрек, Қайрат
Мұғалім сөзі:
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден ерек.
Үш - ақ нәрсе адамның қасиеті
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек
I. Қызығушылығын ояту.
1. Есте сақтау. Өрмекші торы стартегиясы арқылы үй тапсырмасын сұрау. Оқушыларға оралған жіпті беремін, олар бір-біріне өткен тақырыптардан сұрақ қойып жауап беріп тор құрады және кейін қарай сұрақ қойып жауап қайтарады.
II. Мағынаны тану.
1. Қимыл іс-әрекетті білдіретін сөз табы?
2. Заттың әр қилы қимылы мен ісінің (етістіктің) әр түрлі сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мөлшерлік және күй-жайларын және сынның белгісін білдіретін сөз табы
3. -ның,-нің,-дың,-дің,-тың,-тің жалғаулары қай септікке тән?
4. Менің білуімше, шынында, меніңше, амал қанш

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: