Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ертегілер әлеміне саяхат
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсаты:
Ертегілер еліне саяхатқа шығу барысында балаларға ертегі кейіпкерлерін қайталата отырып, "Қатынас" (үзінділерді әңгімелеу, ертегіні сахналау), "Таным" (түстерді ажырату,өлшем бірліктерді( үлкен-кіші, орташа, алдында-артында) пішіндерді атау), "Шығармашылық" (елестету, қиялын, есте сақтау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту, адамгершілікке тәрбиелеу) бөлімдерін бекіту.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: "Саяхат сабақ".
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрініс, диалог.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Ертегі кітапханасы кітаптары, ертегі суреттері
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы:
1. Балалар бір-біріне күлімсіреп жақсы сөздер айтады
Ай да біреу аспанда,
Күн де біреу аспанда
Тұратын елжіреп
Бәрімізде бір жүрек.
Ендеше, қасымыздағы көршімізді күлімсіреп құшақтайық.
ІІ Барысы.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін біз ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. Ертегілер еліне жетер жолда өткендерімізді қайталап есімізге түсіріп, пысықтаймыз.
"Ертеде ата мен әже болыпты. Бір күні ата бауырсақ жегісі келіп, әжеге бауырсақ пісіртеді. Бауырсақ пысып болған соң әже оны терезенің алдына суытып қояды. Бірақ, бауырсақ қашып кетіпті.
Бауырсақ:
Менің атым бауырсақ
Мені пышақпен қырып алды,
Қанатпен сыпырып алды.
Қаймаққа иледі, майға пісірді.
Мен атадан қаштым,
Мен әжеден қаштым.
Үйімді де сағындым.
Көмектесші балақай.
Тәрбиеші: Балалар мына келген қонағымыз қандай ертегінің кейіпкері?
Балалар: Бауырсақ ертегісінің кейіпкері.
Тәрбиеші: Бауырсақтың түсі қандай?
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>