Ертегіде қонақта

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы.
Жасы: (4-5) Ортаңғы көбелек тобы
Тақырыбы: Ертегіде қонақта
Білім беру саласы: "Қатынас"
Кіші сала: Тіл дамыту
Мақсаты: Модельдеу әдісінің көмегі арқылы көркем шығарманы мазмұндай білуге, үйрету. Балаларды толық жауап беруге қалыптастырып байланыстырып сөйлеу түрін дамыту. Балалардың шығармашылық қабылеттерін жетілдіріп ертегілерге деген қызығушылықтарын тәрбиелеу.
Алдын-ала жұмыс және оқу іс-әрекетіне дайындық: Ертегі туралы түсінік беру
Сөздік жұмыс. Ертегі, кейіпкер, айлакер, қу, үлпілдек.
Дидактикалық құралдар: Түлкі ойыншығы, кейіпкерлердің костюмдері, суреттер, сиқырлы дорба
Билингвальдық компоненті : Түлкі - лиса-fox,қоян - заяц-rabbit, аю-медведь- bear,ит-собака-dog,әтеш-петух-cock.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиешінің қызметі
Балалардың әрекеттері

I кезең-
мотивациялық-
қозғаушы
Балалар келген қонақтармен амандасайық.
Балалар бүгін біз сендермен ертегіге қонаққа барамыз.
Балалар шеңберде тұрады, қонақтармен амандасады. Балалар бір - бірінің қолдарынан ұстап, бір - біріне қарап күлімдейді.


ІІ кезең проблемалық ізденушілік

Сюрприздік сәті: Ойыншық түлкі тығылған, сиқырлы дорба пайда болады.
Балалар қарандаршы бұл не?
Дұрыс, біреу сиқырлы дорбасын ұмытып кетіпті, ал ішінде бірдене бар. Дорба ішінен дыбыс шығады.
Бұнын ішінде не бар екенін тауып көрейік, бірақ көзбен емес қолдың көмегі арқылы тауып көрейік.
Мен қазыр кейбір балаларға ұстап көруге берем, ал олар оның ішінде не бар екенін атау керек.
Дұрыс балалар бұл түлкі, ол бізге ертегіден келді. Балалар ертегіде түлкіні қалай атайды?
Дорбанын ішінде түлкі бар екенін қайдан білдіңдер?
Әңгіме жүргізу.

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: