жеңімпаз анықталады.
"Ұқсас сөздер" ойыны
Мақсаты: синонимдерді анықтау дағдыларын дамыту.
Барысы: психолог ойын ережесімен таныстырады. "Балалар бұл ойында мен атаған сөзге, ұқсас сөз айтуларың керек". Мысалы: психолог "үлкен" сөзін ұсынады, балалар: "ірі, дәу, зәулім".
Мейірімді - жанашыр, жылыжүрек, жақсы.
Аласа - кішкентай, биік емес және т. б.
"Сиқырлы дыбыстар" ойыны
Мақсаты: ойлауды, берілген дыбыспен сөзді атау іскерлігін дамыту.
Барысы: Мұғалім балаларға сиқырлы дыбыстармен ойын ойнауды ұсынады:
- "Ш,Ж, С" дыбысына басталатын сөздерді атаңдар.
- "Р" дыбысы бар көкөніс, жеміс-жидектерді (жүгері, алмұрт, қарақат), "Л" дыбысы бар заттарды (үстел, гүл, қаламсап) атаңдар.
"Көбелектер әлемі" жаттығуы
Мақсаты: релаксация және қиялын дамыту.
Қажетті құралдар: МР3, баяу орындалатын музыка, кілемшелер (бала санына қарай)
Жаттығудың өтілу барысы:
Балалар кілемшеге шалқасынан жатып, аяқ - қолдарын еркін созады.
Психолог арнайы релаксацияның әуенің қосып былай дейді: "Көздеріңді жұмып, менің даусымды естіңдер. Жеңіл әрі жаймен демалыңдар. Өздеріңді керемет жаздың шуақты күніңде шалғанда жүргендерінді елестетіңдер. Дәл қазір сендердің көз алдарыңа ғажайып көбелек гүлден - гүлге ұшып жүргенің көріп тұрсыңдар. Оның қанаттарының қимыл - қозғалысына қараңдаршы! Ол қанаттарың жеңіл әрі әсем етіп қозғалтады. Енді әрқайсыларың осы көбелектің ғажайып үлкен әрі керемет қанаттарын өздеріңе қиялдап көріңдерші! Сендердің қанаттарың төмен - жоғары баяу қалықтап қозғалып жатқаның сезіңіңдер! Ауада баяу қалықтап жүргендеріңді сезініп рахаттаңыңдар!Қорытындылау Ал енді өздерің ұшып жүрген жерлеріңнентөмендегі жап-жасыл болы
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>