Ересек топтағы

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6

ге қызықты, көңілді ойындар ойнадық.
Енді өзіміз тынығып алайық.
Тынығу жаттығуын жасату. "Демалыста"
Мақсаты: Қиялды дамытуға, көз алдына елестетіп білуге, тынығып, шаршағанды басу.
Балалар гүл күлтелеріне дөңгеленіп жатады. Ортада шам.
Жәй музыка қосып қою.
" Балалар көздеріңді жұмып менің дауысымды естіңіздер. Жәй және еркін демалыңыздар.
- Қане сіздер жаздың керемет бір жайма шуақ күнінде жасыл шөптің, жайқалып өскен гүлдердің арасында жатырмыз деп ойлаңыздар.
Дәл қастарыңызда әдемі - әдемі көбелектер ұшып жүр. Көбелектер қызыл, жасыл әр түрлі, гүлден гүлге ұшып қонып жүр. Көбелектің қанаттарының қозғалысына қараңдаршы, қанаттарын жәй асықпай бір қалыпты қозғалады Талдау: Жаттығу қиын болды ма? Қорытындылау.
- Ал енді бәрің де өздеріңді көбелекпін деп ойлаңыздар. Сіздерде де әдемі, үлкен қанат бар деп елестетіңіздер. Сезініңдер сендердің қанаттарың жәй, әдемі қалықтап ауада ұшып жүрсіңдер. Ал, енді сіздер жоғары ұшып жүрсіздер. Төменге қараңыздаршы, қаншама әдемі гүлдер бар.
Көздеріңізбен ең әдемі гүлге қараңыздар және жайлап, оған жақындаңыздар. Гүлдің ең әдемі иісін сезіндіңіздер ма?
Жайлап, қалықтап гүлдің ортасына отырыңыздар. Тағы бір рет гүлді иіскеп
Терең дем алыңыздар. . . .
Көздеріңізді ашыңыздар. Көзді ашып ортадағы шамның жылуын алақанға алып бір - біріне беру. Алақанның жылуын қасыңдағы балаға жақсы тілекпен сыйлау.
Қане, кім қандай күйді сезіндіңіздер. Балалардың жауабы.





Страницы: <<  <  4 | 5 | 6
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: