Елімнің Көшбасшысы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3

r/>











Тақырыбы: Сабырсыз, арсыз, еріншек. Абай Құнанбаев
Мақсаты: Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңнің негізгі идеясын ашуға үйрету; адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстауға баулу; көркем мәтіннен жұмыс істей алу дағдысын жетілдіру, оқып түйгендері туралы ой қорытындысын айтқызып жаттықтыру.
Түрі: аралас сабақ (жарыс).
Әдісі: сұрақ - жауап, талдау, іздену, қорытындылау.
Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. "Алақан" жаттығуы.
Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Әңгіменің басында "Үлкен той болды" деп қандай тойды айтып отыр? Хамза Қаржасовтың сөзі неге ұнамады? Болыс Салмұғамбет Спандияр мен оның әкесіне не деді? Ыбырайдың неліктен қабағы түйіліп, жүзі сұп - сұр болып кетті? Болыс пен байлардың әділетсіздігін қандай әрекеттерінен байқауға болады?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Спандияр Көбеев кім? Ол туралы не білесің?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі:
1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
2. Жаңа сабаққа даярлық. Тақтаға немесе интерактивті тақтаға:
". . . Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой,
Бес асыл іс - көнсеңіз"
Тақтадағы үзінді Абайдың қай өлеңінен алынған?
Бұл өлеңді кімдер жатқа біледі?
Абайдың тағы қандай шығармалары бар?
Абай ата туралы не білеміз?
Абай Құнанбаев - қазақ халқының ұлы ақыны, асыл сөздің зергері. Азан шақырып қойған аты - Ибрагим. Әжесі Зере сүйкімді де сүйікті немересін Абай деп еркелеткен. Осыдан кейін Ибрагим дейтін шын аты аталмай, ел арасында Абай атанып кетеді.





Страницы: <<  <  1 | 2 | 3
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: