Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: Мерзiм 7
Тақырып: Сабырсыз, арсыз, еріншек. Абай Құнанбаев
Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттер: сабырлылық,шыдамдылық, ұстамдылық
Мұғалiм: Сынып:5 . Оқушылар саны 3
Сабақ мақсаты:
Оқушылардың бойындағы сүйіспеншілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері:
1. Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен таныстыру
2. өлеңнің негізгі идеясын ашуға үйрету
3 . адам бойындағы жағымсыз сабырсыз, арсыз,еріншектік қасиеттерден бойын аулақ ұстауға баулу
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi.
Тыныштық сәтi. "Нұрға бөлену"
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін (баяу әуен ырғағымен).
Ойша нұрға бөленгеннен кейін жайымен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет!
Қандай сезімде болдыңыздар? Ойларыңызбен бөлісуге болады (егер оқушылар өз ойларын іште сақтаған жағдайда талқылаудың қажеттілігі жоқ ).
2. Үй тапсырмасын тексеру 8 "Туған-жерім Қазақстаным" тақырыбында эссе жазу.
Сабақ барысын талдау:
3. Дәйексөз.
". . . Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой,
Бес асыл іс - көнсеңіз"
1)Бұл дәйексөздің мағынасын ашып беріңдер?
1. Әңгiмелеу. Мұғалім сыйлығы.
"Жан жарасы жазылмайды"
(аңыз әңгіме)
Ертеде қарияның ашушаң, ұстамсыз баласы болыпты. Бір күні қария баласына бір қапшық шеге беріп:
- Өзіңді ашу қысқан сайын ағаш бағанға шеге қағып, ашуың басылған кезде, суырып аларсың, - дейді.
Бала бірінші күні - ақ бағанға он шақты шеге қағылғанын байқап,
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>