іліп жабылды.
9. Социалистік индустрияның дөңгелегі жыр жүгірді.
10. Ормаңда мылтық даусы гүрс-гүрс шықты.
11. Боз жирен, ала шұбар өтеді ауыздығын қарш-қарш шайнап.
12. Ырғалып қарға қарқ етті, ірімшік жерге салп етті.
13. Есік алдыңдағы ит бізге жалт-жал қарады.
14. Ақша маңдайлы, кең сұлу жүзді Үмітей ашық үнмен сыңқ – сыңқ етіп, үй ішіне естірте күлді
15. Ол мені мысқылдағандай кіржің ете қалды.
16. Маймаң-маймаң басқан қаздың жүрісін салды.
(2мин) Сергіту сәті:Тренингті Сандуғаш өткізеді. 3-13-33
(3мин) 5 «Ойлы болсаң, озып көр»: жұмбақтардағы еліктеу сөздерді атап, жауабын табу, орысша аударып және латынша тақтаға жазу.
1)Қалқиған ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады. (қоян)
2)Тарпаң-тарпаң тарбиған,
Түрі жаман жарбиған. (тасбақа)
3) Көк көйлекті жеңешем,
Көлбең-көлбең етеді.
Желмен ұшып кетеді,
Жер түбіне жетеді. (түтін)
4) Жылт-жылт еткен,
Жылғадан өткен. (су)
5)Аяғы біреу,қолы жоқ,
Шиыр-шиыр жолы көп. (қаламсап)
6) Қық-қық етеді,
Кезіп жүріп көшені.
Жата қалса орнына,
Ақ доп тастап кетеді. (тауық)
7) Тырылдап көкте инелік,
Инелік емес, үй делік. (вертолет)
8) Балпаң-балпаң басады,
Қыр жотадан асады.
Паналайды үңгірді,
Іздемейді тасаны. (Аю)
9)Иректеп еденді,
Иреңдеп келеді.
Шаң менен тозаңды
Қылғыта береді. (Шаңсорғыш)
10)Отқа құйсаң елпілдеп,
Быж-быж етіп тұншығар.
Тақиясы селкілдеп,
Танауынан бу шығар. (Шәйнек)
Сабақты бекіту.
(5мин) 6 тапсырма «Сөз ойла» Бос орынға еліктеу сөздерді қой.
. . . . . . . . . . . . жаңбыр жауды. (тырс-тырс)
Күн. . . . . . . . . . . . . . . . күркіреді (сарт-сұрт)
Олар. . . . . . . . . . . . . . . . күлді. (мысқыл
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 > >>