Электротехника

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

лектр тогы көзінде, сондай-ақ электр қондырғысының басқа бөліктерінде кернеудің бар-жоғын бақылау үшін арнайы бақылау шамын немесе кернеу көрсеткіш аспапты пайдалан.
8. Егер жұмысшы электр желісіне жабысып қалса, оны құтқаруы үшін, тіпті электр желісін шауып тастауға да болатынын білген жөн.
9. Резеңке қолғап пен резеңке етік кию ток соғудан сақтайтынын естен шығармаған жөн.
Сарамандық жұмыс
Жеке
Жұмыс киімін кию: фартук, жеңқап
Жұмысқа қажет материалдар: құрастыруға қажетті бұрауыш т. б. электр патрондары
Жұмыстың мақсаты: Тұрмыста қолданылатын электр шамы патроны құрылысымен танысып, оларды құрастырып үйрену
Патрондар электр шамдарын электр тізбегіне қосу үшін қажет. Олардың төбеге, бекітілген және асып койылатын бірнеше түрі бар. Патрондардың корпусы ток өткізбейтін материалдардан әзірленген. Оның ішкі бөлігінде екі түйіспелі бұрауышы болады, ол металл пластиналарға бекітіледі.
Патрондардың құрылысымен танысу үшін суретті пайдаланып, мынадай іс-амалдарды орындаңдар:
1. Электр патронының корпусынан қақпағын ажыратып алыңдар, оның фарфордан жасалған өзегін шығарыңдар.
2. Өзектің құрылысымен танысып, оның түйіспелерін, түйіспе бұрауыштарын табыңдар.
3. Сымдарды жалғайтын жерлерді біліп алыңдар.
4. Өзектің орнына қайта бекітіп, қақпағын жабыңдар.
5. Патрон қақпағын бекітіңдер.

V. Жаңа сабақты бекіту
"Жұбын тап"
Екі бағанда тұрған сөздердің жұбын табу.
Электр - үстелі
Қауіпсіздік - ережесі
Технологиялық - бұрау
Электротехникалық - материалдар
Жұмыс - материалдар
Технологиялық - карта
Сымды - таспа
Жұмыс - үстелі
Оқшаулағыш - пышағы
Сымды - бұрау
Электротехникалық - схемасы
Оқшаулауыш - таспа
Қауіпсіздік - элемент
VІ. Бағалау<

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: