Электротехника

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

иний тоқ өткізе ме?

IV. Жаңа сабақ
Электротехникалық материалдармен жұмыс
Электр аспаптарымен жұмыс істегенде, көптеген материалдарды пайдаланасыңдар. Олармен жұмыс істеу үшін арнайы аспаптар қолданылады.
Электр материалдарының қатарына электр сымы, түтікшелер, оқшаулағыш таспа, бау т. б. жататын болса, аспаптардың қатарына тістеуік, монтер пышағы, қысқаш, жұмыр қысқыш, бұрауыш т. б. жатады. Электр сымдарының ішкі қабаты мыс пен алюминийден, сыртқы қабаты тоқ өткізбейтін оқшаулағыштан жасалады.
Электр бауы иілгіш оқшаулағыш әзірленіп, тұрмыстық электр жабдықтары мен тоқ көзін жалғастырады. Ол екі немесе көп тоқ өткізгіштен тұрады. Сымдардың бәрі бір түтіктің ішінде орналасады. Оқшаулағыш таспалар мен түтіктер электр сымдарының жалғанған жерін оқшаулап тұрады.
Сымдарды кесу үшін тістеуікті қолданады. Оның сабы міндетті түрде оқшаулағышпен қапталады. Монтердің пышағы сымнан оқшаулағышты алып тастау үшін қажет. Пышақтың сабы пластмассадан немесе ағаштан жасалады. Қысқаштар электр сымдарын майыстыру немесе бұрау үшін қажет. Бұрауыштың көмегімен электр жабдықтарын құрастырады. Оның сабы да ағаштан немесе пластмассадан жасалған.

Электрмен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері
1. Ұқыпты, тәртіпті, өте сақ болыңдар: мұғалімнің ауызша және жазбаша нұсқауларын бұлжытпай орындап отырыңдар.
2. Жұмыс орындарыңды мұғалімнің рұқсатынсыз тастап кетпеңдер.
3. Электр аспаптарын, материалдар мен жабдықтарды жұмыс орындарыңа мұғалім көрсеткен тәртіппен жайғастырып қойыңдар.
4. Тапсырманы орындауда қажетсіз заттарды жұмыс орнында ұстамаңдар.
5. Ток көздерін мұғалімнің рұқсатынсыз қоспаңдар.
6. электр тізбектерін құрастырғанда, ауыстырып қосу тетігін жалғастырғанда, жөндегенде, ток көзі ажырап тұруы керек.
7. э

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: