Елдіктің терең тамыры

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>


"Елдіктің терең тамыры"
( баяндама)
"Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды.
Н. А. Назарбаев

Қазақ хандығы-бүгінгі Қазақстан Республикасы мен көрші аймақтардың территориясында 1465-1847 жылдар аралығында құрылған мемлекет. Қазақ хандығы Еділден Жайыққа дейінгі территорияны Сырдария мен Амудария өзендерінің аралығын, Қорасан жерін қамтыған. Қазақ хандығының мемлекеттік құрылымы дала демократиясына негізделген монархия. Мемлекет басшысы - хандар саяси билік жүргізетін. Олар төре тұқымынан шыққан сұлтандар арасындағы таңдау негізінде сайланған. Қазақ хандығының тұңғыш ханы - Керей, соңғы ханы -КенесарыҚасымұлы.
Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғышарттары:1)Әбілқайыр хандығы мен Моғолстан хандығының күш-қуаты әлсіреп, күйреу дәрежесіне жетті. 2)Рулар мен тайпалар көсемдерінің арасындағы өзара талас-тартыстар. 3)Қазақ тайпалары мен руларын мемлекет етіп біріктіру міндеті алға тартылды. Керей мен Жәнібек сұлтандар Батыс Жетісу жері Қозыбасыда қазақ хандығыныңұлттық туын тігіп, 1465-1466 жылдары Қазақ хандығын құрды.
Жазба деректер мен тарихи зерттулерде алғашқы қазақ ханының есімі-Гирей, Герей, Кирай, Керей түрінде кездеседі. Қазақ тілінде жазылған әдебиеттер мен зерттеулерде соңғы есім жиі және тұрақты пайдаланылатындықтан, біз де осы есімді өз зерттеуімізде қолданамыз. Бұл сөздің түп-төркіні мен мағынасына келсек, В. В. Бартольд ол жөнінде былай деп жазады: "Өзінің деректерін көрсетпей, Ахмед Вефик-паша өз сөздігінде "гирей" - моңғол сөзі, моңғолша "гарай" делініп, "еңбегі сіңген" , "лайықты" , "құқылы" деген мағынада қолданылады". Керей ханның шығу тегі Жошы ханның үлкен ұлы - Орда Еженнен бастау алады. Оның ұлы Орыс ханнан бері қарай таратсақ ,

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: