науқасты сендіру де үлкен рөл атқарады.
1 жүргізуші: - Аурудың көбею себептері неде? Дәрігер: - Аурудың көбею себептерінің бiрi, емнің дәрігерлер тарапынан дұрыс тағайындалмауы. Соның салдарынан: - Науқасқа ем қонбайды; - Аурудың қоздырғыштары дәрi-дәрмекке төзiмдi болып алады; - Науқас аурудың таралу көзіне айналады; - Ал дұрыс емделмеген жағдайда бұл аурудың көбінесе өліммен аяқталатыны белгiлi.
2жүргізуші: - Науқас адамнан таралатын бактерияларды қалай залалсыздандырады?
Дәрігер: Мұндай науқастардың қақырығын, төсек орнын және т. б залалсыздандыруда мыналарды ескеру қажет: - Тікелей түскен күн сәулесі туберкулез бактерияларын 5 минут iшiнде өлтiредi. - Туберкулез бактериялары 600С-қа қыздырғанда 20-минутта, 700С қа қыздырғанда 5 минутта қырылады. - Қолданылған қағаз , қол орамалдарды дереу өртеп жіберу керек. - Науқастың көрпе-төсенiштерiн желдету және күнге жою оларды залалсыздандыруда ең жақсы әрі қарапайым әдiсi. Мұғалім: Ендi балалар туберкулез ауруы туралы сұрақтарыңыз тәмәмдала келсе, бұл ауру туралы ойларымызды қорытындылап, оның алдын-алуы туралы айтып өтейік! - Аш жүру немесе жөнді тамақтанбау адам ағзасының ауруға қарсылығын азайтатыны - дәлелдеудi қажет етпейтiн шындық. Темекі шегу мен арақ ішуде тәннің қорғаныс қабiлетiн нашарлатады. Жұпыны тұрмыспен құлазыған көңіл-күй де организмді әлсiретiп, оның ауруға қарсылығын төмендетедi. Көбiнесе туберкулездi тұқым қуалаушы ауру деп есептейді. Бұл сенiмсiз. Туберкулез-жұқпалы ауру. Сондықтан оны жұқтырмау амалдарын сақтау, ал жұқтырған жағдайда толық емделу шараларын қатаң жүзеге асыру шарт. Сонда ғана соңғы кездерде өршiп бара жатырған жауыз iндеттiң бетiн қайтарамыз. - Мiне балалар сендер туберкулез туралы аз да болса түсiнiк алдыңдар. Осы қауiптi аурудың болмауы үшiн одан өзiмiздi сақтауда қолы
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>