Ел мен еркіндіктің мұраты Тәуелсіздік

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5

мыздан келетiннiң бәрiн жасауымыз керек. Үнемi таза ауада жүрiп спортпен шұғылдану сiздердiң дендерiңiз сау болып, мықты болудың кепiлi. Денсаулығыңды ойласаң (ойын )
Мұғалім: Жұмыр жерді мекендеген халықтың сонау, ерте замандардан бері айтылып, ғасырлар бойы сұрыпталып келген інжу-маржандай асыл да, даналы сөздері бар. Осынау ғибадатты сөздер адам баласының денсаулығына зиянды әрекеттерді де жан-жақты қамтыған. Медицинада сөз құдіретінің шарапатына өлшеу жоқ. Азабын арқалатып діңкесіне тиген жаман әдеттен құтыла алмай, дертке амалсыз көніп, көмек тілеп алдына келген науқасқа дәрігердің тауып айтқан бір жылы сөзі тамаша қуат береді. Иә, мақал-мәтелдер ғасырлар бойы сұрыпталып, сұлуланып, салмақтанып, кемелденген асыл сөзі, парасатты тәрбиеші, әділ сыншы, адал ақылшы ғана емес, сонымен бірге епті, есті емші де. Карточкалар үлестіріледі. (Мақал-мәтелдердің екінші бір бөлігі жазылған).
Бірінші бөлігін жүргізуші оқиды, екінші бөлігін тауып оқу керек.
1. Ішпеген, шылым шекпеген Жасайды жылдар көптеген.
2. Ұзартқың келсе ғұмырды, Таста арақ пен шылымды.
3. Темекінің кермегі, Еріккеннің ермегі.
4. Шарап-арақ ішіңе көшеді, Ақыл шөлмек ішіне түседі.
5. Жалқаулықтың жан күтімі. Екі қолды ұстайды. Темекінің көк түтіні, Екі өкпені ыстайды.
6. Ішпеген, шылым тартпаған, Денсаулығын сақтаған.
7. Жабылады шарабыңды ішерде, Бәле төнсе, жоқ араша түсерге.
8. Жасында темекісін будақтатқан, Күркілдеп қартайғанда сұлап жатқан.
9. Адам арақты ішеді, Арақ ақылды ішеді.
10. О басында өзің сақтан, сақ боп жүр, Одан кейін өзгелерді сақтандыр.

Қорытынды.




Страницы: <<  <  3 | 4 | 5
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: