а жаңа кезең басталды, ол барлық елдерде экологиялық зерттеулердің күрт өсуімен сипатталды. Ұдайы болатын экологиялық мәселелер ақпараттар санының өсуіне әкеледі. Мысалы, қоршаған ортаның өзгеруі туралы, өсімдіктерді қорғау туралы және т. б. фактілер саны көбейе түсті.
Қазіргі кездегі экология адамзат мүддесін ескере отырып, биосфераны ғылыми түрде негіздеуге ұмтылады. Экология ойлаудың ерекше типін қалыптастырады, ол табиғатты оңтайлы пайдалануға, табиғи ресурстарды қалпына келтіруге, қорғауға және молайтуға бағытталған. Жиырмасыншы жүз жылдықтың екінші жартысында қазіргі ғылымның "экологизациялануы" жүрді. Бұл экологиялық білімнің ролі зор екенін мойындатумен байланысты, яғни қоршаған ортаға адам әрекеті, тек қана зиян келтірмей, оған жағымсыз әсер етуімен, адам өмірінің жағдайын өзгерте, адамзаттың тіршілігіне қатер төндіреді. Сондықтан қоршаған ортаға адамның әсері қалай болатынын түсіну, жағдайдың өзгеру шегін табу, экологиялық дағдарысты жіберуге мұрша бермеу қажет. Сонымен табиғи ресурстарды оңтайлы пайдалану үшін экология теориялық негіз болып табылады.
Экологияның қысқаша даму тарихында бірнеше негізгі кезеңдерді бөлуге болады:
1 кезең - экологияны әртүрлі организдердің бір - бірімен және қоршаған ортамен байланыстарын биологиялық зерттеу кезеңі. Бұл кезең - биоэкологиялық зерттеулердің жаппай сипат алу кезеңі. Мәселен, К. Линей (1707 - 1788), Ж. Ламарк ( 1744 - 1788), А. Декандоль (1806 - 1893), П. С. Паллас (1741 - 1811), И. И. Лепехин (1740 - 1802), А. Гумбольд (1769 - 1859), К. Ф. Рулье (1814 - 1858), Н. А. Северцов (1827 -1885), Н. А. Бекетов (1823- 1902), Ч. Дарвин (1809 - 1882), К. Мебиус (1825 - 1908), Э. Геккель (1834 - 1919), Е. Варминг (1841 -1924), В. В. Докучаев (1846 - 1903), т. б. табиғат зерттеуші биологтар, систематиктер
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>