Экология ғылымының қалыптасуының және дамуының тарихы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сабақтың тақырыбы:Экология ғылымының қалыптасуының және дамуының тарихы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік - экология ғылымының қалыптасуының 3 кезеңін түсіндіру,табиғаттың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру.
Дамытушылық - оқушылардың танымдық, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік - табиғатты аялауға, оған қамқорлық жасауға, оны сақтап, көркейту үшін үлес қосуға тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Жаңа сабақ барысы

Экологияның даму ағымы өте ерте кезеңді қамтиды. Организмдердің ортамен байланыстары және олардың қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі туралы пікірлер антикалық философтардың еңбектерінде кездеседі. Мысалы Аристотель (б. э. д. 384-322ж. ж), Эмпедокл (б. э. д. IVғ. ), Теофраст (б. з. д. 371- 280ж. ж. ) пен Үлкен Плиний (б. э. д. 23-79), Роберт Бойль (1627-1691), К. Линней (1707-1778), Ж. Бюффон (1707-1788) еңбектерінде экологиялық көзқарастар сипатталған.
Өз уақытында Александр Гумбольдтың (1769-1859) еңбектері елеулі болды. Ол Оңтүстік және Солтүстік Американы, Орталық Европаны, Сібір, Алтай, Қытай жерлерін зерттеп, Өсімдіктер географиясын жасады. Ол оны жер бетіндегі өсімдіктердің таралу заңдылықтары туралы ерекше ғылым ретінде қарастырып, өсімдіктер тіршілігін зерттеуде өсімдіктер географиясында экологиялық бағыттың негізін салды.
XIXғ. соңында Ч. Дарвиннің ілімі негізінде экология - организмдердің адаптациясы туралы ғылымға айналған. Жоғарыда айтылған Дарвиннің анықтамасы бойынша, экология- тіршілік үшін күресті туындатушы жағдайлар ретінде, табиғаттағы барлық күрделі қарым- қатынастарды зерттейтін ғылым дейді. XXғ. 60-жылдарының басында, экология дамуында жаңа кезең басталды, ол барлық елдерде экологиялық зерттеулердің жылдам өсуімен сипатталады.
XXғ. 60-жылдарынан бастап экология дамуынд

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: