Екі таңбалы сандар

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Оқу ісінің меңгерушісі:

Сабақ тақырыбы:
Екі таңбалы сандар
Мектеп:
Күні :

Мұғалімнің есімі:
СЫНЫП: 1-сынып
Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаты:
натурал сандар және нөл санының құрылу жолын түсінеді; 10/11-20 көлемінде тура және кері санайды; натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды;
11-ден 20-ға дейінгі сандарды оқиды, жазады және салыстырады;
20 көлемінде сандардың разрядтық құрамын анықтайды, разрядтық қосылғыштарға жіктейді.
Барлық оқушылар:
Оқушылардың басым бөлігі:
Кейбір оқушылар:

Ресурстар:
10-нан 20-ға дейінгі екі таңбалы сандардың де-монстрациялық кестесі;
әрбір оқушыға арналған ламинатталған қағаз парақтары;
екінші ондықтың сандары жазылған сан кесіндісі;
10-нан 20-ға дейінгі сандар жазылған парақшалар жинағы.
Тірек сөздер
бірліктер;
ондықтар.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды екі таңбалы сандарды оқуға, жазуға және құрастыруға үйрету.
Сабаққа байланысты деректі материалдар

Сабаққа қатысты ескертпелер

Бұл сабақта оқушылар екі таңбалы сандарды оқумен және жазумен танысады. Екінші ондықтың сандарын оқығанда он санына 1-ден 9-ға дейінгі сандарды қосып айту арқылы оқылады. Мысалы: он бір, он екі т. с. с.
Санның жазылуындағы әрбір цифрдың анықталған орны бар (позициясы). Разряд -- бұл санның жазылуындағы цифрдың тұратын орнын білдіреді. Санның жазылуындағы цифрдың мағынасы қай разрядта тұрғанына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Разрядтар санның соңынан бастап саналады. Бірліктер разряды -- бұл кез келген сан аяқталатын ең кішкене разряд. Ондықтар разряды -- бұл бірлік-тер разрядының алдында тұратын разряд. Егер санда разряд жоқ болатын болса, санның жазылуында оның орнында 0 (нөл) цифры тұрады.

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: