ШҚО Семей қаласы Бөкенші ауылы
«Бөкенші жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Математика пәнінің мұғалімі: Козыбаева А. Т.
БжС технологиясы. «Алгоритм» картасы.
Күнделікті жоспарлау
Мерзімі: 23. 01. 17 ж
Сынып: 7
Пән: алгебра
Тақырып: "Екі өрнектің кубтарының қосындысы мен айырымының формулалары"
Мұғалім: Козыбаева А. Т.
Кіріспе оқу сабағы: мотивация меңгерілетін тақырыпты бейнелеп елестету, оқылға тақырыптың тәжірибелік және әлеуметік маңыздылығын ұғыну рефлексия.
Мақсаты: Оқушылардың көпшілігінің жаңа тақырыпты сапалы меңгеруіне жету. Тақырыпты түсіндірудегі кемшіліктерді анықтау және жою.
Міндет: технологиялық картаның регламентін орындау.
Жопарланған нәтиже: қойылған мақсатқа жету.
1Ұйымдастыру кезеңіҮй жұмысы тексерілмейді бұл жаңа тақырып. Алдыңғы тақырып аяқталған деп есептелінеді және рефлексияны қажет етпейді. Карта бойынша жұмыс жүргізу реті түсіндіріледі. Оқушылардың мотивациясы сынып бір топ ретінде болады. Жұмыстың реті карта бойынша түсіндіріледі. Сыныпты белсендіру үшін сөз көшбасшыға беріледі.
21 цикл «Байқау» «Оқушылардың субъективті тәжірибелерін өзектендіру»ОӘЖА сызбасы бойынша бірінші түсіндіру.
Екі өрнектің кубтары қосындысы (айырымы) осы өрнектердің қосындысын (айырмасы) олардың қосындысының (айырмасының) толымсыз квадратына көбейткенге тең. Түсіндіру уақыты У1 (У1х тақтаға жазу).
3Қабылдауды ұйымдастыру:Тапсырмаларды орындау. Оқушылар бірдей бір шапалақ ұрады, «Байқау» сөзін дәптерлеріне жазады және жұмысқа кіріседі. Мұғалім сынып ішін аралап жүріп, бірінші түсіндіруден соң сыныптың оқу материалын меңгері дәрежесін анықтайды. ОӘЖА қай бөлігінде баланың қате жібергенін білу маңызы. Үш тапсырма: 8 жаттықтырғыш
1 ТКШ – АКШ – ЖКШ Жұмыстың аяқталуы 530.
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>