Егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін күн

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3

үлкен міндеттер тұр. 2012 жылы желтоқсан айында, Елбасымыз "Қазақстан - 2030" Стратегиясын қорытындылай отырып, мемлекеттің жаңа саяси бағытын жариялады. Ондағы басты мақсат 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру.
Иә, 25 жылда мемлекетіміз күрт өзгерді. Экономикалық, әлеуметтік, интеллектуалды тұрғыда өркендеп келеміз. Оны архитектуралық тұрғыда қарасақ, Елбасы айтқандай, мемлекетіміздің басты күші - Астана қаласы. Астана тәуелсіздіктің белгісі, үні, келбеті деуге де болады. Осы жерді басып жүріп, шын мәнінде, біздің болашағымыз жарқын екеніне қатты қуанам.
Алдымызда, 100-ге жуық елдің басын қосатын халықаралық көрме "ЭКСПО-2017". Бұл сындарлы сәт еліміздің бірлігін, татулығын көрсететін және Қазақстанның мәртебесін күллі әлемге паш ететін кез болмақ. Халқымыз "Тірліктің күні-бірлікте" демей ме, ендеше бірлесе отырып әлемдік шарамыздың сәтті өтуіне ат салысайық. Еліміздің береке-бірлігі арта берсін. Тәуелсіздігіміз Мәңгілік болсын!!!




Страницы: <<  <  1 | 2 | 3
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: