Егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін күн

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

сталды. Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі - Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында болып отыр. Еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің орныға түсуі, ұлттық қауіпсіздігі, экономикамыздың жедел қарқынмен дами беруі, Қазақстан халықтарының өз болашақтарына деген берік сенімі, қазіргі замандағы өркениетті қауымдастық ортасында іргелі елге айналуы - стратегиялық негізгі бағыттарды құрайды.
Бүгін міне, тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында, біз артқа карап, Кеңес Одағы кезеңіндегі тарихты, сөзбен жеткізе алмайтын қиын өмірді еске алып жатамыз. Сонау Горбачёв бастаған қайта құру кезеңі ұлттық сана-сезімді оятты. Жаппай қазақ мектептерінің жабылуы, қазақ тілінде шығарылған газет-журналдар, мақалалар, кітаптардың сатылымнан жоғалуы, жоғарғы билеуші таптың басымдылығы, біздің ержүрек, батыл, намысшыл жандарымызды ызаландырды. Сөйтіп, халықтың ұлттық мүддесі үшін күреске жол ашылды.
Осының бәрі, бізді 1986 жылғы Алматыда өткен желтоқсан оқиғаларына алып келеді. Себебі, жаңа алаңда өткен қазақ жастарының шерулері, тәуелсіздікке әкелген бастама десек, қателеспейміз. Бүгін міне, желтоқсан оқиғаларына 30 жыл. Уақыт келе, сол тарихи окиғаның мәнісін енді ғана ұға бастағандаймызӘрине, сонау 25 жылда, еліміз неше түрлі жетістіктерге жетті, биік белес, асуларды алды. Маңыздыларын Елбасымыз "Қазақстан - 2030" Стратегиясының толықтай орындалуында қорытындылап кетті. Яғни, ұлттық кауіпсіз, ішкі саяси тұрақтылық пен бірлік, ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу сияқты стратегияда белгіленген негізгі міндеттер орындалды. Енді біздің алдымызда одан

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: