Дулат Бабатайұлы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Күні:
Пәні: қазақ әдебиеті
Тобы:
Оқытушы: Мухамбеткалиева Гульмира Шалгезовна
Сабақтың тақырыбы: Дулат Бабатайұлының шығармашылығын оқыту.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Дулат Бабатайұлының өмір жол, шығармашылығымен таныстыру. Ақын өлеңдерін оқыту, дастаны туралы түсінік беріп, мазмұнын меңгерту.
Дамытушылық: Алған білімдерін жадында сақтау, ойлау қабілетін дамыту, тіл шеберлігін, білімге құштарлығын, дүниетанымдық көзқарасын арттыру.
Тәрбиелік: Туған жерінің елжанды азаматы болуға, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы
Сабақтың әдісі: дәріс, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: тарих пәні.
Көрнекіліктері: презентация
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі: сәлемдесу, сыныптың сабаққа даярлығын тексеру.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
ІІІ. Жаңа сабақ:

1. Дәріс. Ақын өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.
Дулат Бабатайұлы (1802, Шығыс Қазақстан облысыАягөз ауданы Сандықтас қонысы -- 1874, сонда) -- көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған. 1880 жылы Қазанда жарық керген "Өсиетнама" деген жинағына ақынның замана туралы толғаулары енген.
Орта жүз құрамындағы найман тайпасынан шыққан. Өмірі туралы деректер толық зерттелмеген. Өлеңдері ел ішіне ауызша және қолжазбатүрінде таралған. Кейбір өлеңдері Қазан қаласынан 1880 жылы алғаш рет "Өсиетнама" деген атпен жеке кітап болып жарық көрген. Жинаққа ақынның сол кезеңдегі қазақ елінің саяси-әлеуметтік өмірін шыншылдықпен жырлаған ой-толғаныстары енген. Ақынның кейбір өлеңдері кеңес дәуірінде әр түрлі хрестоматияларда "XVІІІ -- XІX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары" (Қазақ ССР ұылым академиясының баспасы, А.

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: