ов Жұмамен кездесіп, тәжірибе алмасты.
Қазіргі заман талабына сай оқушылардың техниканы меңгеруімен қатар ақпараттық - коммуникатциялық құралдармен жұмыс жасауына көп көңіл бөлемін. Осы мақсатта оқушыларға слайдтар, бейнебаяндар жасауға, интернеттан автокөліктер туралы мағлұматтарды бейне фильмдер арқылы танысуларына көмек көрсетемін. Қорытынды сабақтарда кешендік тестілеуді компьютерлік тестілеу әдісі арқылы өткізуге болады.
Осы дәстүрді өз тәжірибемде қолдану нәтижелеріне келетін болсам 2011 оқу жылында оқушым Кочаганов Марат БҚИТУ өткен "Ғылым және сапалы білім Қазақстанның индустриаландырылуы және инновациялық дамуының негізі" атты XI ғылыми студенттік конференцияға қатысып, жүлделі екінші орынды иеленді. Сонымен қатар, білімді тәуелсіз бағалауда оқушыларым жоғарғы нәтижелер көрсетіп, білім сапасы жоғарылады. Оқушылардың өз қолдарымен дайындаған жұмыстарын ашық сабақтарда көрнекіліктер ретінде қолданамын, ал оқушылар өз жұмыстарымен ғылыми конференцияларда, дипломдық жобаны қорғау жұмыстарында пайдаланады.
Страницы: << < 5 | 6 | 7