Тақырыбы : Дұрыс сөйлеу мәнері .
Білім беру саласы : шығармашылық
Бөлімі : Драма
Мақсаты : Ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттеу. Интонацияларды ажырата алу және оларды айту. Кеңістікте бағдарлау (ойластырылып құрылған сахна алаңында), түрлі қарқында қозғалу. Өз әрекетін серігінің әрекетімен үйлестіру, оның қалай әрекет ететінін алдын ала сезу. Ым-ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс әдеби шығармалар негізінде кейіпкерлердің бейнелерін жасау.
Көрнекілік : актерлардың суреті ,жаттығуға арналған суреттер.
Билингвальды компонент : сөз - слово - word тіл - речь - speech дауыс - голос - voice дауыс ырғағы - интонация - intonation
Оқу іс - әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық - қозғаушы
Педагог балаларды шаттық шеңберіне шақырып, амандасу рәсімін өткізеді. Біздің топта ұл-қыздар Тату-тәтті ойнаймыз. Әлемдегі бар адамға Тек жақсылық ойлаймыз. "Дыбыстар әлеміне саяхат" Қуаныш фонограммаға қоршаған ортадағы көптеген әртүрлі дыбыстарды жазып алып келгенін айтады: адамдардың, жануарлардың, музыка аспаптарының, табиғат құбылыстарының, көліктің т. б. Балалар көздерін жұмып, үнтаспадан түрлі дыбыстарды тыңдап, алған әсерлерімен бөліседі. Проблемалық жағдаят: Айсұлу кейбір балалардың сөздерді неге дұрыс айтпайтынын сұрайды.
Үнтаспа, табиғаттағы түрлі дыбыстар
Ұйымдастыру - іздестіру
Әліппе-дәптермен жұмыс. 1-тапсырма. Артикуляциялық жаттығуларды айнаға қарап жасайды. Сөздерді дұрыс айту үшін артикуляциялық жаттығуларды үнемі қайталап отыру керектігін айтып түсіндіреді. Артикуляциялық жаттығу жасау. "Күрекше" - жалпақ тілді шығарып, астыңғы ерінге ұстап тұру керек. "Инеше" - ауызды кең ашып, тілді алға қарай сүйірлей шығарып, 10
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>