Тақырыбы:"Достық" іскерлік ойын
Тәрбиешілерге арналған іскерлік ойын арқылы достық сезімін арттыру.
"Достық"
Мақсаты: Қазіргі заман тәрбиешісінің әлеуметтік - психологиялық мәдениетін жетілдіру, бір - бірлеріне деген достық сезімін арттыру.
Тәрбиешілердің педагогикалық рефлексиясын дамыту. Шығармашылыққа әртістікке,
бастамашылдыққа ынтасын дамыту. Өзін өзі тануға, педагогикалық ізденімпаздыққа қызығушылығын тәрбиелеу.
Қатысушылар: тәрбиешілер, мамандар.
Ойынның барысы.
Жүргізуші: Қайырлы күн! Біздің "Достық" атты іскерлік ойынымызға қош келдіңіздер. Бүгінгі ойында біз ойнап, ойланып, демаламыз, бір - біріміз туралы көбірек білеміз.
Сол үшін ең бірінші бір - бірімізбен жақсы көңілмен амандасайық. Шеңберге тұрып мына жүрекшені бір - бірімізге жылы сөз айтып береміз. (барлығы шеңберге тұрады, жылы сөз айтып, жүрекшені бір - біріне береді).
Бүгінгі ойын екі топқа бөлініп жүргізіледі. Сол үшін қазір сендер мұнда жатқан парақтарды таңдайсыңдар (барлық педагогтар парақтарды алып болған соң, жүргізуші парақтардың сыртында бейнеленген суреттерге сәйкес топтарға бөлінуді ұсынады). Әділқазы ұпай қойып жеңімпаздарымыз анықталады.
1 Тапсырма:
Сұрақ - жауап сайысы (жүргізуші сұрақтар қояды, бірінші жауап берген топқа ұпай жүреді).
А) Мектепке дейінгі мекемелер бағынатын құжат (Стандарт).
Ә) Жуыну, тамақтану, үстел жасау, асхана, табиғат бұрышындағы жұмыс - бұл барлығы қалай аталады?). (Тәртіптік кезең).
Б) Балабақшада білім беретін бағдарлама неше бөлімінен тұрады? (5 сала бөлімі).
В) "Құрастыру" бөлімі қай саладан? (Таным)
Г) Балабақшадағы 2 - 3 жас аралығындағы топ қай бағдарламамен жұмыс істейді? (Алғашқы қадам)
Д) Баланың білімін анықтайтын қорытынды с
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>