араптама қалай аталады? (индикатор)
2 Тапсырма:
"Геометриялық пішіндерден құрау".
(Әр топқа геометриялық пішіндер беріледі, сол пішіндерден өз ойларынан балаларға не қызықты болатынын бір нәрсе жапсырады, 7 минут уақыт беріледі, уақыт өткен соң не жасағандарын көрсетеді, сипаттап береді).
3 Тапсырма: "Тәрбиешінің мәнерлеп сөйлеуін және оқуын дамыту"
Парақтарға келесі сөздер жазылған (әр топтың бір қатысушысы шығып бір парақты таңдап алады, содан кейін оқиды):
а/ "Мұнда кел" деген сөзді жай, дауыстап, қатал дауыспен айту.
б/ "Жарайсың" деген сөзді жай, дауыстап, нәзік, риза болып, мысқылдап, қуанышпен, ғашық болып айту.
4 Тапсырма: "Жағдай" піркіталас. (екі топқа бір - бір жағдайдан беріледі. Сол жағдайды шешу жолдарын айту, сахналау. Екінші топ сол жағдайды шешу жолында қандай да болсын қателіктерді қарайды)
1 топ: "Екі бала төбелесіп қалды. Бір бала екінші баланың қолын тырнап алды. Кешке балаларды ата - аналары алып кетеді. Жарақат алған баланың анасы - ұрысатын, шу көтеретін адам. Сіздің әрекетіңіз".
2 топ: "Сіз кеш уақытында қалған 3 балалармен сөйлеп отырсыз. Бір бала өзінің отбасы жайлы айтып отыр, әкесінің ішімдік ішкенін, үйде ұрыс шығарғанын айтты. Осы кезде сол баланың анасы келіп қалды, және баласы айтып отырған сөздерін, және Сіз тыңдап отырғаныңызды көрді. Сіздің әрекетіңіз".
5 Тапсырма: "Өзіңді тексер"
Тәрбиешілерге жүргізуші бір қатар зат есім сөздер айтады. 15 сөз айтқан соң, педагогтарға осы сөздерді дәл айтылған ретімен жазуға ұсынады).
Тапсырманы орындаған соң, жүргізуші өз парағынан сөздерді оқиды, педагогтар өз жазғандарын тексереді.
6 Тапсырма: "Серіктесін сипаттау"
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>