Педагогтар өз аты - жөнін көрсетпей өз серіктесін сипаттап жапырақшаға жазу керек. Жазып болған соң, жүргізуші бір - бір жапырақтан оқиды. Педагогтар сипаттау бойынша педагогты табу керек.
7 Тапсырма: "Мәнерлеп оқу"
Әр топтан бір адамнан келеді. Алдарында жатқан парақты алып, сонда берілген тақпақты мәнерлер оқиды.
А) "Қыс", Абай
Ә) "Ғылым таппай мақтанба", Абай
9 Тапсырма: "Ойлан, тап"
"Қанағаттандырылмағандықтарыңыздан" сөзі жазылған парақ беріледі, топтарға 5 минут уақыт беріледі, осы уақытта осы сөзден басқа сөздер құрастыру керек. Ең көп сөздер жазған топ ұпай алады.
8 Тапсырма: "Аю мен аралар". Педагогтар топтасып жұмыс істеу білетіндерін тағы да тексеріп көрейік.
Әр топта "Аюды" таңдайды, қалғандары "Аралара" болады. Аюды залдың сыртына шығарып, жүргізуші "балды" тығып қояды. Содан кейін "Аю" кіріп, "балды" іздейді, "аралар" тек қана "ж - ж - ж" деп дауыстап көмектеседі. "Аю" "балға" жақындай бергенде, "аралар" "ж - ж - ж" деп қуанып қатты дауыс шығарады. Ал "Аю" "балдан" басқа жаққа кетсе, "ж - ж - ж" деп ашуланып дауыс шығарады.
Қорытындылау:
Құрметті әріптестер, осымен біздің ойынымыз аяқталуына жетті. Енді әділқазының шешімін күтейік. Олар өз шешімін шығарғанша, осы парақтарға бүгінгі ойын туралы өз пікірлеріңізді жазуға ұсынамын.
Әділқазы мүшелері ұпайларды санап, жеңімпаздарды айтады.
Жеңімпаздарды марапаттау, қатысушыларға қатысқандары үшін алғыс хат беру.
Страницы: << < 1 | 2 | 3