Сынып: 4 "Б"
Тақырып: Достық
Сабақтың мақсаты: Балалардың достық туралы түсініктерін кеңейту;
Олардың бойларында сүйіспеншілікті сезімдерін дамыту;
Топтарға бөлу
Тыныштық сәті.
Балалар, көзімізді жұмып, біраз дем алып,жақсы істерді көз алдымызға елестетейік. Біз қазір керемет, әрі сиқырлы, мейірімділік пен сүйіспеншілікке толы әлемге саяхат жасаймыз. Бұл әлемнің ауасы тым таза, әрі жұпар иісті. Біздің жанымызда достарымыз, олар ерекше адамдар, олардың жанында біз өзімізді еркін сезінеміз. Сүйіспеншілік, мейірімділік, ізгілік нұры бізге қонып, жан дүниемізді осы жақсы сезімге толтырады. Адамдар бір-біріне тек жақсылық, қуаныш, ізгілік, сыйлап жатыр!Қайтатын уақытта келді. Осы әлеммен қоштасып мейірімділік нұрын өзімізбен ала кетейік. Енді, балалар көздеріңді ашыңдар. Осы әлемнен алып келген мейірімділік нұрымен жер бетін нұрландырайық.
Сабақ барысы.
Адам көбінесе өзінің мінезіне ұқсас адамдарымен жолдас, дос болады. Шын жолдас, достар бірінің жақсы қасиеттерін екіншісі үлгі тұтады, бойына сіңіреді, олар бір-біріне өте жақын, бірін-бірі тез түсінетін болып кетеді. Осындай жолдастық, достық қарым-қатынастардың арасындағы ең бағалысының бірі - адалдық. Біз бүгінгі сабақта адал достық туралы әңгімелесеміз.
3топқа сұрақтар беру.
Балалар достық дегеніміз не ?Оны қалай түсінесіңдер? Қай кезде сендер достарыңның көмегін сезіндіңдер?Нағыз досқа тән қасиеттерін жазыңдар?
Қол соғу
-Балалар қазір біз сендермен "Досымның жүрегі" деген ойын ойнаймыз. Шарты :Балалар әр түрлі көңіл күйде бейнеленген жүректердің суреттеріне ат қояды. (жұмсақ, қайырымды,алтын,мейірімді,жалынды,нәзік,ақылды,таза т. б)
Қол соғу
Адал дос дегеніміз өтірік айтпайтын, шындықты жақтайтын, досын ешқашанда ұятқа қал
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>