дырмайтын, барлық уақытта қандай жағдай болмасын қол ұшын беріп, көмектесетін, қашан да қасынан табылатын, барын бөлісетін нағыз жолдас.
Жағдаяттарды шешу
1. Ақылбек пен Асылбек төртінші сыныпта оқиды. Екеуі бала кезден дос. Ақылбек сабақтан келген соң түскі тамағын ішіп, үйдегі жұмыстарын бітіріп, ертеңгі сабағын оқып болған соң далаға ойнауға шықты. Футбол алаңына барса, Асылбек те ойнап жүр екен. Олар ұзақ футбол ойнап, үйге кеш қайтты. Асылбек: Мен ертең сабаққа бармаймын, үй тапсырмасын орындамадым. Мені ағайға ауырып қалды дей салшы,- деп өз өтінішін Ақылбекке айтты. . . Ақылбек егер адал дос болса, қандай жауап берер еді деп ойлайсындар?
2. Төртінші сынып оқушылары арасында өткзілетін "Өнерге қанат қаққандар" атты жарысқа достары Әлиханды ұсынып, үлкен сенім артты. Жарыс болатын күні Әліхан сабаққа келмей қалды. Олардың сыныптарынан жарысқа ешкім шықпады.
. . . Әлиханның бұл ісіне көзқарастарың қандай? Сендер оның орнында не істер едіңдер?
3. Арман мен Қанат серуендеп келе жатады. Кенет бір теректің қасынан өтіп бара жатып, шыр- шыр еткен дауысты естіп тұра қалады. Қараса, кішкене ғана торғайдың балапаны ұясынан құлап қалған екен. Арман жүгіріп барып, қолына тас алып атқысы келіп еді. Қанат оған . . . Арманнның бұл ісіне көзқарастарың қандай? Сендер Қанаттың орнында болғанда не істер едіңдер? Қол соғу
Сағат бойынша достар
1. Қолын қысыңыз 2. Арқасынан қағыңыз 3. Күлімсіреңіз 4. Қол бұлғаңыз
5. Көзіңізді қысыңыз 6. Комплимент айтыңыз 7. Бір тілек айтыңыз
8. Ауа арқылы жалынды сәлем жіберейік 9. Массаж жасаңыз
10. Арқамызбен үйкенейік11. Құшақтаңыз12. Қол ұстасып 3 рет секіріңіз
Қол соғу
Шығармашылық жұмыс: "Менің досым"
-енді біз "достық жібі" деген ойынымызды бастаймыз.
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>