Шарты
Сендер дөңгелене жайғасып отырыңдар. Мен мына қолымдағы жіп орамын қасымда отырғанға беремін,жай бермеймін,оған тілек айтып беремін. Ал сендер болса,дәл осылай келесі балаға бересіңдер. "Балалар бір - бірлеріне жіпті беріп,тілектер айтады. Ақырғы бала жіп орамын тәрбиешіге беріп,өз тілегін айтады"
Бір құмырсқа өз илеуінен бөлініп, ара қоңызбен дос болыпты. Жем іздей шыққан құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алыпты. Жалғыз өзі ары бері әуреленіп, қозғалта алмапты. Енді көмек сұрау үшін достарын іздейді. Гүл жинап жүрген араға жолығып: Досым маған көмектесіп жібер деп өтініпті. Көрмей тұрсың ба, менде жұмыс істеп жатырмын ғой, депті ара. Енді ара қоңыздан көмек сұрапты.
Сен үшін өз еңбегімді еш қыла алмаймын! - деп кете барады қоңыз. Екі досынан күдер үзген құмырсқа мұңайып келе жатып, өзінің ұялас достарымен ұшырасыпты. Олар мұның түрін көріп: Не істеп жүрсің? депті.
Құмырсқа өз басынан кешкенін айтады. Достары көмектеседі де, дәнді бірігіп көтеріп алып кетеді. Құмырсқа қайта үйіріне қосылады. "Жан достың қадірі ескі достай бола алмас", деген сөз содан қалған екен.
ІІІ ІҮ топтарға. Ертеде жауынгершілік жиі болатын кезде, қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады. Екі достың біреуі тұтқиылдан тиген жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген батыр күздің қара суыған елеместен, өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді.
Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің айырбасқа беретін малым, мүлкім жоқ. Бір - ақ нәрсе беремін. Ол өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар дейді. Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады.
Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады: маған екі көзің керек, дейді қолбасы, екі көз
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>