Дене тәрбиесі сабағының жоспары
Оқу бөлімі:Спорттық ойындар (баскетбол)
Тақырыбы: Допты кеудеден беру арқылы алып жүру
Міндеттері: - Допты қарама -қарсы тұрып кеудеден беру
- Допты қозғалыста қарама-қарсы тұрып кеудеден беру.
- Допты қозғалыста сегіз санын жасау арқылы кеудеден беру.
Мақсаты: Баскетбол тәсілдерін жетілдіру. Оқушылардың дене қаблеттерін дамыту.
Өткізілген орны:249 мектеп- лицей.
Өткізілетін орны: Спорт залы.
Өткізілетін сынып: 7 "е" сынып
Керекті құрал- жабдықтар:Баскетбол доптары, кедергілер, ысқырық.
Өткізілетін күні: 16. 02. 2016 ж
Сабақ өткізуші: М. Қазиев
Сабақ бөлімдері
Рет саны
Сабақ мазмұны
Жаттығу мөлшері
Әдістемелік нұсқаулар
Кіріспе дайындық бөлімі 13- минут.
1
Сапқа тұру, рапорт, сәлемдесу, сабақтың мақсаты мен міндеттерін түсіндіру.
2 /
Оқушылардың көңіл - күйіне , спорттық киіміне назар аудару.
2
Саптағы жаттығулар: "оңға", "солға", "артқа" бұрылу
1/
3
Жүру, екі қолды көтеріп аяқ ұшымен, қол желкеде өкшемен жүру, қол белде табанның сыртымен, қол белде табанның ішімен, қолды белде жартылай отырып жүру, қол желкеде толық отырып жүру.
2/
Оқушыларға берілген тапсырмалар мен жаттығуларды дәл және дұрыс жасауларын ескерту.
4
Жүгіру барысында орындалатын жаттығулар:Қолды аяқты бос сермеп жүгіру,аяқтың арасын алшақ тастап жүгіру,тізені жоғары көтеріп жүгіру,өкшені жамбасқа тигізіп жүгіру,аяқты алға сермеп жүгіру,артқа сермеп жүгіру,оң және сол қапталмен қолды айналдырып жүгіру,артпен жүгіру,жәй жүгіру.
3/
Жүгіру жаттығулары кезінде оқушылардың қатардан шығып кетпеуін қадағалау.
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>